Астанада Тау-кен металлургияның 6-шы халықаралық конгресі өтуде

17 Маусым, 2015 10:19
Астанада Тәуелсіздік сарайында тау-кен металлургия кешені саласындағы маңызды оқиғалардың бірі - «Astana Mining & Metallurgy» 6-шы Халықаралық конгресі басталды.

AMM 2015 конгресінің басты тақырыбы «ТКМК саласының өнеркәсіптік саясаты: Инвестициялар, Жаңарту, Өндіріс» болып табылды.

2015 жылы Қазақстан Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығын іске асыруға көшті, оның басым бағыттарының бірі ТКМК саласы болып табылады.

Үкімет саланы заңнамалық-нормативтік қамтамасыз ету саласында шаралар кешенін жүзеге асыру; саланы реттеуде мемлекеттік жүйені жетілдіру; минералдық-шикізаттық ресурстармен қамтамасыз ету; ҚР саланы құру және дамытуды ғылыми-технологиялық қамсыздандыру; сирек кездесетін металдар өндірісін құру және кеңейтуді қарастыратын «2015-2019 жылдар аралығында тау-кен металлургия кешенінің сирек кездесетін металдар саласын дамыту жөніндегі жоспарын» іске асыруда.

2014 жылдың нәтижесі бойынша сала еліміздің экономикасында жалпы қосылған құнның 18%-ын және Республикада халықты жұмыспен қамтудың 2,9%-ын қамтамасыз етеді. Бүгінгі күні ТКМК саласының алдында жоғары қайта өңделген және дайын өнім өндірісін дамыту, сондай-ақ инновациялық және ғылымды қажетсінетін технологияларды енгізу мақсаты тұр.

Форумға әлемнің 15 елінен  650 делегат қатысады деп күтілуде.

Алты жылдан бері АММ әр түрлі мемлекеттердің өнеркәсіптік кәсіпорындары, консалтингілік компаниялары, қаржы, ғылыми институттары үшін тиімді сұхбат алаңы, сонымен қатар мемлекеттік құрылымдар мен бизнес өкілдерінің кездесу орны болып табылады.

Шара барысында  «Алтын Гефест» Ұлттық салалық байқауының жеңімпаздарын  салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтеді.

Ботагөз Айтжанова 

Барлық жаңалықтар