• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Әділет министрі мен Франция сенаторы зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады

ҚР Әділет министрі мен Франция сенаторы зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады

17 Маусым, 2015 17:34
Әділет министрі Берік Имашев Францияға жұмыс сапары барысында сенатор, Ұлттық контрафактілік өнімдермен күрес комитетінің президенті Ричард Юнгпен кездесті, деп хабарлайды ведомство.

Кездесу зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселесіне арналды. Министр Қазақстанда зияткерлік меншік құқықтарының қорғау мәселесін  Мемлекет басшысы да Үкімет те жіті қадағалап отырғандығын айтты.  

«Мемлекет басшысы Үкіметтің алдына әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру туралы міндет қойды, ал зияткерлік меншікті қорғау бойынша алдыңғы 20 мемлекеттің қатарында болуымыз керек. Осы ретте Қазақстанға Францияның зияткерлік меншік құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы тәжірибесі маңызды және осы саладағы мемлекеттік органдармен ынтымақтаса жұмыс істеу бойынша да тәжірибелеріңіздің зор көмегі тиеді деген ойдамыз»,-деді Б.Имашев.  

Хабарламада Франицияның бүгінде «2013-2014 жылдарды қамтитын жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі» рейтінгі бойынша 13 орында тұрғандығы айтылады.  

 

 

Барлық жаңалықтар