- Басты
- Испания ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын растады
Испания ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын растады

Испания СІМ басшылығымен келіссөздер барысында қос тарап екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейі мен Испания Королінің Қазақстанға сапарын ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті. ЭКСПО-2017 комиссары Елбасы атынан Х. М. Гарсия-Маргальоға Испания Королі мен Премьер-министрінің атына ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға бірегей шақырту қағазын берді. Осы ретте, Р. Жошыбаев атап өткендей, Астанада аталмыш халықаралық көрмені өткізу идеясын Президент Н.Назарбаев Сарагоста өткен ЭКСПО-2008 көрмесіне қатысқаннан кейін ұсынды.
Сауда бойынша мемлекеттік хатшы қазақстандық-испаниялық үкіметаралық комиссияның тең төрағасы Х. Г. Легас-Понсемен кездесу барысында ЭКСПО-2017 көрмесіне корпоративті қатысушыларды тарту шін экономикалық блоктағы салалық мемлекеттік органдардың өзара қарым-қатынас мүмкіндіктері қарастырылды.
Аталып өткендей, дән осы күні Р. Жошыбаев пен Х. Г. Легас-Понсенің төрағалығымен 70-тен астам жетекші испандық компаниялардың қатысуымен бизнес-форум өтті. Оған қатысушылар Қазақстанның елордасында өтетін ірі көрмеге дайындық пен өткізуге атсалысуға дайын екенін жеткізді.
Испанияның Даму министрлігіндегі кездесуде Мемлекеттік хатшы Х. Гомес-Помар, Астанада өткелі жатқан ЭКСПО-2017 көрмесі қазақстандық-испандық стратегиялық серіктестікке серпін беруі тиіс, деп атап өтті.
Туризм бойынша мемлекеттік хатшы И. Боррего Кортеспен келіссөздер барысында тараптар туризмді дамыту, аталмыш салада мамандарды даярлау бойынша тәжірибе алмасуға уағдаласты. Кездесу қорытындысы бойынша «Астана ЭКСПО-2017» ҰК мен Испанияның «TURESPAÑA» жетекші туроператорлар қауымдастығымен серіктестік туралы Меморандумға қол қойылды, деп атап өтілген хабарламада.
-
COVID-19 екінші толқыны: Әлемдегі ахуал күрделі
-
«Қазақфильмнің» фильмдері Испанияда өткен фестивальде жүлделерге ие болды
-
Н.Назарбаевқа «KADEX-2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесіне дайындық барысы жөнінде баяндалды
-
ЭКСПО-2017 көрмесінен кейін нысандарды қолдану (ИНФОГРАФИКА)
-
Қазақстандық инноваторлар «Экспо-2017» көрмесіне қатысу үшін 600-ден астам әзірлеме жіберді
-
«ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу қазақстандық студенттерге серпін берді
-
Н.Назарбаев пен Ш.Мирзиёёв қазақстандық компаниялардың көрмесіне қатысты
-
ЮНИДО ЭКСПО-2017 көрмесіне алғысын білдірді(ВИДЕО)
-
ҚТЖ ЭКСПО-2017 көрмесіне келген жолаушыларды санады
-
К.Куранбаев: ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу – диалогтық серіктестікті нығайтуға тағы бір қадам
-
Польшаның солтүстік-шығыс делегациясы ЭКСПО-2017 көрмесіне келді
-
АҚШ делегациясы ЭКСПО 2017 көрмесіне барды
-
ЭКСПО-2017 көрмесіне келушілер саны (ИНФОГРАФИКА)
-
ЭКСПО-2017 көрмесіне 19 мемлекеттің басшысы келді
-
Дмитрий Медведев Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне келеді

