- Басты
- Жаңалықтар
- «Каспий теңізі – 2015» байқауына қатысу үшін Қазақстан Әскери-теңіз күштерінен негізгі корабль айқындалды (Фото)
«Каспий теңізі – 2015» байқауына қатысу үшін Қазақстан Әскери-теңіз күштерінен негізгі корабль айқындалды (Фото)
Теңізге шығу кезінде «Каспий теңізі – 2015» (теңіз биатлоны) халықаралық сайыстарына қатысу үшін негізгі және қосалқы корабль анықталды. Жорық қорытындысы бойынша ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің қолбасшылығымен байқауға қатысу үшін негізгі корабль болып «Сарыарқа» зымыран-артиллериялық кораблі белгіленсе (корабль командирі – капитан-лейтенант Рустам Жүнісов), «Орал» кораблі (корабль командирі – капитан-лейтенант Қайрат Шаршанқұлов) резервтік деп айқындалды.
Қазақстандық зымыран-артиллериялық корабльдердің экипаждары «Каспий теңізі – 2015» теңіз биатлонына дайындалып жатқанын еске салайық.
Әскери теңізшілер жаңа және навигациялық қауіп-қатер маңында жүзуді пысықтайды, 30-40 метрге кемені зәкірге қоюды, МСС-65 белгілерінің халықаралық жинағына сәйкес жарықтық және жалаушалы семаформен белгілерді беру және алуды, сондай-ақ суға құтқарушыны жіберу әдісімен борттың ар жағында қалған адамды құтқаруды іс жүзінде орындайды. «Каспий теңізі – 2015» – бұл каспий маңы елдері Әскери-теңіз күштерінің алғашқы сайысы. Ол осы жазда Каспий теңізі айдынында өтетін болады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді