- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлыбританияда Шымкент және Стивенейдж қалалары бауырластық қатынастардың 25 жылдығын атап өтті (Фото)
Ұлыбританияда Шымкент және Стивенейдж қалалары бауырластық қатынастардың 25 жылдығын атап өтті (Фото)
Сапар барысында қазақстандық делегация Стивенейдж қалалық кеңесінің төрайымы Шарон Тэйлормен, қала басшысы Скотт Крадгингтонмен және Стратегиялық даму департаментінің директоры Мэттью Партриджбен кездесулер өткізді.
Қазақстан делегациясы, сонымен бірге, Харфордшир Графтығының бизнес-конференциясына қатысып, Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды. Бизнес-конференция барысында Харфордшир Графтығының сауда-өнеркәсіп палатасының басшысы Йоланда Раггпен, UKTI-CATBIG төрағасы Питер Линдсеймен және британдық бірқатар компания өкілдерімен ынтымақтастықтың нақты жолдары талқыланды.
Қазақстандық делегация тәжірибесі Оңтүстік Қазақстан облысындағы технологиялық парктерді жетілдіруге қолдануға болатын «BioPark» даму және зерттеулер орталығына үлкен қызығушылық танытты. Орталықта ғылыми-техникалық зерттеулер жүргізіп, экономиканың түрлі секторына инновациялық технологиялар жасаумен және енгізумен айналысатын әлемнің 50-ге тарта компаниясы жұмыс істейді.
Делегация, сонымен қатар, Харфордшир университетінің жаңа дәрі-дәрмек жасаумен және қолданумен шұғылданатын фармацевтикалық зертханасын аралап көрді. Келіссөздер барысында зертхана басшылығының Шымкент қаласына сапарын ұйымдастыру және «Сейітбек әулеті» ЖШС зертханашыларын Харфордшир университетінде тағылымдамадан өткізу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.
Сапар барысында туризм және спорт саласындағы ынтымақтастық мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Делегация «Стивенейдж» футбол клубына және Харфордшир байдарка кешеніне барып, байдарка және каноэде ескек есуден 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Этьен Стоттпен кездесті.
Осы жылғы 10 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысының делегациясы Лондон қаласында болып, «United Kingdom Export and Finance» (UKEF), «United Kingdom Trade and Investment» (UKTI) агенттіктерінің өкілдерімен және британдық бірқатар компаниямен кездесулер өткізді.
Сонымен бірге, делегация Манчестер қаласына жасаған сапары кезінде қала басшылығымен кездесіп, бірқатар өнеркәсіп нысандарын аралады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы