- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сағынтаев «Нұрлы жол» мембағдарламасының іс-шаралар жоспарының атқарылуы бойынша мәжіліс өткізді
Б.Сағынтаев «Нұрлы жол» мембағдарламасының іс-шаралар жоспарының атқарылуы бойынша мәжіліс өткізді
Бағдарлама аясында еліміздің ішкі нарығын кеңейтуге, транзиттік және экспорттық әлеуетті арттыруға, сондай-ақ инфрақұрылымды дамытуға бағытталған басымдықты жобалар жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары «Батыс Еуропа - Батыс Қытай», Астана-Алматы, Астана-Өскемен, Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды, Астана-Ақтөбе-Ақтау, Алматы-Өскемен тас жолдарында жүріп жатыр. Темір жол және көліктік логистика саласындағы жобалар бойынша жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, Алматы 1 - Шу темір жол бөлігінде екінші жолдардың құрылысына арнап топо-геодезиялық және инженерлік-геологиялық іздеулер жүргізілуде, Боржақты - Ерсай желісінің құрылысы жүргізілуде, Құрық портында паром өткелін салу жобасы бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынды, геодезиялық және инженерлік-геологиялық іздеулер жүргізіліп жатыр. Астана қаласы әуежайының ұшу-қону жолағы мен терминалын жөндеу бойынша жұмыс жүргізілуде.
Қазақстандағы АЭА мен индустриалдық парктерді дамытуға, тұрғын үйлер, мектептер мен балабақшалар құрылысына, келушілер және ішкі туризмді одан әрі дамытуға инфрақұрылым құруға, АӨК субъектілерін, отандық автокөліктер, тікұшақтар, жолаушылар вагондарын өндірушілерді қолдауға бағытталған қаражат игерілуде.
Кеңес қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев министрліктерге, облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне қарқынды бәсеңдетпей, «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын уақтылы орындауды қамтамасыз етуді, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимыл мен қаражаттың тиімді игерілуіне бақылауды күшейтуді тапсырды.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті -
Қаржы министрлігі: Ұлттық қор трансферті, бюджеттің атқарылуы және шығыстар мен кірістер -
АХҚО: Қаржы және экономика салалары бойынша олимпиадаға кімдер қатыса алады