- Басты
- Жаңалықтар
- «Төзімділік тағылымының көрінісі» онлайн конференциясына 150-ден астам адам қатысты
«Төзімділік тағылымының көрінісі» онлайн конференциясына 150-ден астам адам қатысты
«Төзімділік тағылымының көрінісі» - Елбасы кітапханасының жаңа жобасы. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған және ҚР Білім және Ғылым министрлігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен өткізіледі.
Алғашқы онлайн семинар-тренинг 15 мамырда өткізілді. Оған Қазақстанның 300-ден астам орта мектебі қосылды. Жыл соңына дейін жоғары оқу орындарының қатысуымен осы секілді тағы 2 шара жоспарланған.
Бұл іс-шаралардың мақсаты – оқушылар арасында толеранттылықты, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға байланысты тәрбие жұмысын ғылыми-әдістемелік қамту жөнінде тәжірибе алмасу және мәселелерді талқылау.
Онлайн режимінде өткен шараға еліміз аймақтарынан 4 білім беру мекемесі – Семей Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің «Қазақстан жолы» білім беру-тәрбие орталығы, Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжі, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық педагогикалық колледжі, Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының, Кіші ассамблеялар мен Достық үйлерінің өкілдері қосылып, 150-дің үстінде адам қамтылды.
Онлайн-конференцияның модераторы - Елбасы кітапханасы ұйымдастыру-имидждік қызметінің басшысы Марат Әбдікәрімов Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» ММ директорының орынбасары Ғазиз Телебаевқа сөз берді:
- Биыл – айрықша маңызды жыл. 2015 жылды Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы ретінде жариялады. Осыған байланысты түрлі-түрлі іс-шаралар өткізіліп жатыр. Біз толеранттылық пен ұлтаралық келісімді нығайтуға қатысты жұмыстарды алдағы жылдары да тоқтатпай, жалғастыра беруіміз керек. Бүгінгі талқылаудың негізгі мәселелері – аталған іске музейлердің қызметін пайдалану болып отыр. Арнайы көрмелер арқылы біртұтас қазақ халқының ішінде осы елдің көркеюіне үлесін қосқан түрлі ұлт өкілдерін, олардың құндылықтарын дәріптеуіміз керек. Елбасы кітапханасына осындай іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіремін.
Жиналғандар алдында сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білімді жаңғырту департаментінің директоры Сабыржан Мадеев пен Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі жанындағы Республикалық ғылыми-әдістемелік орталықтың бас маманы Айгүл Байсақова сөйледі.
- Еліміздің техникалық-кәсіптік білім беру орталықтарында көп ұлттың өкілдері білім алуда. Олардың арасында ұлтаралық татулық пен ынтымақты нығайту үшін тәрбиелік мәні зор істер атқарылуда. Аталған тақырыпты білім алушыларға терең түсіндіру үшін мәдениеттану пәні оқытылады. Ұлтаралық татулық мәселесі тарих, құқық сабақтарында да қамтылады. Сонымен қатар білім алушылар қолданбалы өнер мен ұлттық қолөнер көрмелері арқылы өзге ұлттардың тарихымен, мәдениетімен таныса алады, - деп атап өтті С.Мадеев.
Аймақтардан бірқатар мамандар толеранттылық тәрбиесін ұйымдастыру жөніндегі тәжірибесін ортаға салды. Атап айтқанда – Аман Рахметуллин, Семей Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің «Қазақстан жолы» білім беру-тәрбие орталығының жетекшісі; Бағдат Сыбанбаева, Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжі, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық педагогикалық колледжі директорының орынбасары; Гүлназ Оңғарбаева, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық педагогикалық колледжінің өкілі; Гүлнар Махамбетова, Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
«Төзімділік тағылымының көрінісі» онлайн-конференциясы жастарды толеранттылыққа тәрбиелеудің өзекті мәселелеріне арналды. Соның ішінде музей-көрме аймақтарын және оның әлеуетін толеранттылық тәрбиесінің тетігі ретінде пайдалану, толеранттылық тәрбиесінің тәжірибелері, білім беру мекемелеріндегі музей-көрме аймақтарының мүмкіншіліктері, кіші Ассамблеялар мен Достық үйлерінің бірегей толеранттылық тәрбиесіндегі рөлі, сонымен қатар еліміздің музей-көрме аймақтарында этностар мұрасының пайдаланылуы жайы талқыланды.
Естеріңізге сала кетейік, 15-мамыр күні Қазақстандағы 300 орта мектеп өкілдерінің қатысуымен бірінші онлайн семинар-кеңес өтті. Жыл соңына дейін жоғары оқу орындарының қатысуымен тағы осындай 2 іс-шара өткізілмек.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты