- Басты
- Жаңалықтар
- Лондонда ЕАЭО даму келешектері жөнінде брифингтер өтті – ҚР СІМ
Лондонда ЕАЭО даму келешектері жөнінде брифингтер өтті – ҚР СІМ
10 маусымда Корольдік қорғаныс және қауіпсіздік институтында өткен брифингке дипломатиялық миссиялар басшылары, Біріккен Корольдік мемлекеттік органдарының өкілдері, британдық жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарының және жоғары оқу орындарының сарапшылары қатысты.
Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі Ержан Қазыханов іс-шараны ашып, брифингке қатысушыларды Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық үдерістердің даму барысымен таныстырып өтті. Е. Қазыханов Еуразиялық экономикалық одақты құру идеясын 1994 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынғаны, ал ЕАЭО туралы шартқа 2014 жылы Астанада қол қойылғаны жөнінде атап өтті.
Өз сөзінде ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Т. Сүлейменов Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының принциптері мен келешектері, ЕАЭО-ның құрылымы және механизмдері, сондай-ақ Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес, Еуразиялық экономикалық комиссия сияқты институционалды органдардың қызметі туралы баяндады.
Министр қатысушылардың назарын ЕАЭО туралы шартта экономикалық ынтымақтастық жөніндегі басты мәселелер бойынша шешімдердің консенсус негізінде қабылданатындығы және ұйымның әр мүшесіне арналған вето құқығы қарастырылғандығына аударды.
Брифинг барысында ЕАЭО-ның экономикалық және инвестициялық әлеуеті жоғары, әркімге де ашық бірлестік екендігі, сондай-ақ құрамында 180 миллионнан астам халқы бар әлемдегі аса ірі тұтыну нарығы екені атап өтілді.
11 маусымда Т. Сүлейменов лондондық Ситидің британдық және халықаралық компанияларына арналған ЕАЭО жөнінде ұқсас таныстырылым өткізді.
Сонымен қатар, Т. Сүлейменов өзінің Лондонға сапары аясында Еуропалық қайта құру және даму банкінің саясат және серіктестік жөніндегі вице-президенті Филипп Ле Уерумен кездесті.
Еуразиялық экономикалық одақ – Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес құрылған халықаралық экономикалық ұйым. ЕАЭО аясында тауарлардың, капиталдың және жұмыс күшінің қозғалу еркіндігі, сондай-ақ экономика салаларындағы үйлесімді, келісілген және бірыңғай саясат жүргізу қамтамасыз етіледі. ЕАЭО-ның мүшелері Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы (қазір оның ЕАЭО-ға қосылуы туралы келісімшартты ратификациялау үдерісі жүріп жатыр) және Ресей Федерациясы болып табылады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті