Сенатор И.Адырбеков ауған парламентшілерін қабылдады

16 Маусым, 2015 19:56
Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков Ауғанстан Парламенті төменгі палатасының (Волеси Джирга) Құндыз провинциясынан депутаты Шукрия Пайкан Ахмадиді және Парламент төменгі палатасының Джаузджан провинциясынан депутаты Баз Мохаммад Джаузджаниді олардың өтініші бойынша қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында екіжақты қатынастарды нығайту, сондай-ақ Парламентаралық Одақ пен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Парламенттік Одағы аясындағы көпжақты байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды.

«Ауғанстанмен қатынастардың қарқынды дами түсуіне және парламентаралық байланыстарды үдетуге ортақ ұмтылысқа қанағаттанғандық білдіре отырып, И.Адырбеков Ауғанстан Қазақстанның Азиядағы маңызды әріптестерінің бірі екенін атап өтті», - делінген хабарламада.

Ауғандық парламентшілер АӨСШК, ШЫҰ, Стамбул үдерісі, Орталық Азиядағы аймақтық экономикалық ынтымақтастығы және Орталық Азиядағы аймақтық экологиялық орталық форумдары мен басқа бағдарламалар секілді беделді алаңдары бар аймақтық тиімді ынтымақтастықта Қазақстан белсенді рөл атқаратынын айтты.

Тараптар қазіргі кездесулердің нәтижелері екіжақты ынтымақтастықты жаңа мазмұнға байыта отырып, жаңа міндеттер мен бағыттарды        айқындауға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Барлық жаңалықтар