• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҰЭМ Статистика комитеті 5 жылдық ҚАЗСТАТ жобасын жүзеге асыратын болады (ФОТО)

ҰЭМ Статистика комитеті 5 жылдық ҚАЗСТАТ жобасын жүзеге асыратын болады (ФОТО)

16 Маусым, 2015 18:13
Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті 5 жылдық ҚАЗСТАТ жобасын жүзеге асырады. Жоба Қазақстанның бүкіл статистика жүйесін халықаралық талаптар негізінде жетілдіруге бағытталған.

«Жобаның нәтижесінде статистиканың түрлі салалары бойынша 70-тен астам жетілдірілген әдістемелер қабылданып, есеп беру тығыздығы 15 пайызға кемітіліп, статистиканы пайдаланушылардың қанағаттану деңгейі 80 пайыз болуы керек»,-деді Ұлттық Экономика министрлігінің Статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смаилов баспасөз мәслихатында.   

Аталмыш жобаны жүзеге асырудағы әріптестер Германия, Финляндия, Чехия, Словакия, Оңтүстік Корея, Ресей мемлекеттерінің 6 шетелдік статистика кеңселері болып табылады.  

Жобаның құны 23 миллион доллар болады, оның ішінде 3 миллион долларды Қазақстан Үкіметі қаржыландырады.

«Статистика саласындағы барлық инновациялардың нәтижесінде елімізде статистика мәліметтеріне қолданушылар саны көбейіп отыр. 2014 жылдың қорытындысы бойынша комитеттің веб-сайтын пайдаланушылар саны 2 миллионды құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 2,4 есеге, 2009 жылмен салыстырғанда 17 есеге артқан. Бұл мемлекеттік статистиканың қолжетімділігінің артуы мен ашықтығын көрсетеді. Биылғы жылы 3 миллионнан астам адам біздің мәліметтеріміздің пайдаланады деген ойдамыз»,-деді Ә.Смаилов.    

Сонымен қатар, алдындағы екі жылда 22 әдістемелік жаңартылды. Нақтырақ айтқанда, тұрғындардың жұмыспен қамтылуының ресми емес көрсеткіштерін қалыптастырудың, аймақтық бөліністегі байқалмайтын экономикадағы, еңбек нарығының негізгі индикаторлары бойынша, еңбек бағасын құру индексі бойынша және өзге де бағыттар бойынша жаңа әдістемеліктер дайындалды.   

Бүтіндей алғанда, статистикалық құралдар БҰҰ мен Еуростандартар негізінде жетілдірілуде. Жобаның соңына дейін статистиканың түрлі салалары бойынша 73 жаңа, жетілдірілген әдістемеліктер қабылданады. Жоба 2012-2016 жылдар аралығында жүзеге асырылады деп шешілген.     

Ботагөз Айтжанова

Фото Азамат Алиев

 

Барлық жаңалықтар