«Астана Опера» театрын екі жылда 130 мыңнан астам адам тамашалаған

17 Маусым, 2015 10:32
Астана күні мерекесінің алдында Strategy2050.kz ақпарат агенттігі Астананың ең маңызды ғимараттарына арналған материалдар легін жариялады.

Мемлекеттік «Астана Опера» опера және балет театры Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен негізі қаланған болатын. 2013 жылдың 21- маусымында театрдың ашылу рәсімінде Мемлекет басшысы: «Зауыттар мен жол салған ел алдағы 1 жылғы уақытты болжағаны. Мектеп пен ауруханалар салған ел мемлекеттің алдағы 10 жылын болжағаны. Ал театрлар салған ел алдағы 1 ғасырды болжайды» деді.    

Есілдің сол жағалауында орналасқан «Астана Опера» театры өзінің әсемдігімен қызықтырады. Архитектуралық жетілдірілуі жағынан ол Миландағы «Ла Скала», Мадридтегі Корольдік театры, Мәскеудегі үлкен театр, Нью-Иорктегі Метрополитен-опера сияқты әлемнің әйгілі театрларынан кем түспейді.   

Оның орналасқан аймағы 9 гектарға жуық жерді алып жатыр. Ғимараттың көлемінің өзі 64 мың шаршы метр болады. Оның 3 мың шаршы метрін сахна құрайды. «Астана Опера» театры тек өзінің зәулімдігімен ғана емес, архитектуралық келбетімен де қызықтырады. Ол классикалық үлгіде салынған ғимарат болғанымен онда қазақтың ұлттық нышандары да кеңінен көрініс тапқан. Театр өзінің техникалық мүмкіндіктері жағынан да әлемнің әйгілі театрларынан еш кем емес, кейбір мүмкіндіктері бойынша тіпті олард асып түседі.  

Өзі қызмет ет бастаған екі жылдың ішінде онда 201 іс-шара ұйымдастырылып, спектакльдермен қатар конферттер де ұйымдастырылды.       

Айта кететін мәселе, осы аз ғана мерзім ішінде театрда Алматы, Санкт-Петербург, Нью-Иорк, Торонто, Париж, Антверпен, Реттердам мен Генуя қалшаларының өнерсүйер қауымы болып қайтты.     

Анар Тәңірқұлова  

 

 

 

Барлық жаңалықтар