- Басты
- Жаңалықтар
- «ҚазАгроҚаржы» АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру бағдарламасына қатысу үшін құжаттар қабылдауды бастады
«ҚазАгроҚаржы» АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру бағдарламасына қатысу үшін құжаттар қабылдауды бастады
«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің төлем қабілеттілігін жақсарту, несие жүктемесін төмендету және банкротқа ұшырау тәуекелдіктерін барынша азайту мақсатында, «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржылық сауықтыру бағдарламасына қатысу үшін құжаттарды қабылдау шараларының басталғаны жөнінде жариялайды», - деп хабарлады ұлттық компания.
Қаржылық сауықтыру бағдарламасына қатысуға «ҚазАгроҚаржы» АҚ қарыз алушылары құжаттарын тапсыра алады. Қарыз алушылардың 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін туындаған міндеттемелері, сондай-ақ айналым қаражаттарын толықтыруға, құрылыстық-монтаж жұмыстарын жүзеге асыруға, негізгі құрал-жабдықтар сатып алуға, қаржы лизингіне жабдықтар мен ауыл шаруашылығы техникаларын алу мақсаттарына қаржыландырылған шарттар қаржылық сауықтыруға жатады.
Қаржылық сауықтыру бағдарламасы шеңберінде қаржыландыру мөлшерлемесін теңгемен жылдық 7% дейін төмендету; қаржыландыру мерзімін қайта құрылымдау және 9 жылдан аспайтын мерзімге ұзарту; мерзімі өтіп кеткен сыйақыны бөліктеп төлеу; Негізгі борышты төлеу бойынша жеңілдік беру; Тұрақсыздық айыпты (айыппұлды, өсімпұлды) есептен шығару жобаланған.
Өзге мемлекеттік және/немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша пайыздық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде қолдау көрсетілетін несие шарттары қаржылық сауықтыруға жатпайтынын айта кету керек.
Сонымен бірге, қарыз алушылардың қаржы берешектерінің қайта құрылымдалған жағдайларын қоспағанда, қызметтері ұйымдық-құқықтық нысандарының өзгеру, таралу немесе банкротқа ұшырау сатысында тұрған қарыз алушылар, сондай-ақ жеделдетілген сауықтыру рәсімінде немесе сауықтыру рәсімінде тұрған қарыз алушылар қаржылық сауықтыруға жатпайды. Сонымен бірге, Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның субсидиялауды тоқтату туралы шешімі қабылданған қарыз алушылар бұл процедураға қайтадан қатыспайды.
Назарларыңызға, қаржылық сауықтыру бағдарламасы ресми түрде старт алғаннан кейінгі небәрі бір аптаның ішінде 12 млрд.теңге негізгі борыштың қалдық сомасына 185 шарт бойынша 72 қарыз алушы бағдарламаға қатысуға ниет білдірді.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды