• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ұлт жоспары: Дауларды шешудің ашықтығына шетелдік инвесторлардың сенімдерін нығайту

Ұлт жоспары: Дауларды шешудің ашықтығына шетелдік инвесторлардың сенімдерін нығайту

16 Маусым, 2015 15:37
Сот реформасының аясында біз еліміздегі дауларды шешу ісінің ашық болатындығына шетелдік инвесторлардың сенімдерін нығайтатын боламыз, деді Парламент Мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыпов Астанада өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған халықаралық конференция барысында.

«Қазақстан 5 институционалды реформамен байланысты мемлекеттік құрылыстың жаңа кезеңіне аяқ басты. Бұл реформалар мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, экономикалық өсімді ынталандыруға, қазақстандық бірлікті нығайтуға, мемлекеттің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Оларды жүзеге асыру үшін 100 қадам жоспары қабылданып та үлгерді. Сот реформасының аясында біз еліміздегі дауларды шешу ісінің ашық болатындығына шет елдік инвесторлардың сенімдерін нығайтуға күш салатын боламыз»,-деді Мәжіліс төрағасы.

Бұған қоса ол экономиканы реформалау аясында отандық шикізатты терең өңдеуге және инновациялық индустрияны қалыптастыруға екпін түсіріліп отырғандығын атап өтті.      

«Бұл жерде біз технологиялық өнімдер мен елімізге тартылатын әлемнің үздік компанияларының тәжірибесіне арқа сүйейтін боламыз. Бір мезгілде отандық кәсіпкерлікті қолдау мәселесіне де көңіл бөлінетін болады. Бұл бағыттағы жұмыстардың барлығы халықтың бірлігі, оның жанкешті еңбегі мен қазақстандық патриотизмнің арқасында мүмкін болмақ. Сондықтан да үлкен маңыз төртінші реформа «Бірлік пен келісім» мәселесіне беріліп отыр. Осы бағыттарды нығайту үшін «Мәңгілік ел» Патриоттық актісі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы» атты ауқымды жобасы қабылданды.       

Ботагөз Айтжанова

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар