- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 2016 жылы отбасыларға қолдау көрсету қызметі құрылады
Қазақстанда 2016 жылы отбасыларға қолдау көрсету қызметі құрылады
«Министірлік отбасылық құрылыстың жаңа үлгілерін қарастыратын жоба тұжырымдамасын жасақтады. Отбасыларға қолдау көрсету қызметінің басты мақсаты – отбасыларға әлеуметтік, заңды, психологиялық көмек көрсету. Қызметтің жұмысы отбасылық сәтсіздіктерді, қиын өмірлік жағдайларға тап болған балалар мен отбасыларды анықтауға және оларды оқытуға бағытталады», - деді З.Оразалиева
Оның айтуныша, асырап алған балалар қайта балалар үйіне қайтарылатын жағдайларда көптеп кездеседі. Сондықтанда осы бағытта жұмыс істеу өте маңызды. Отбасыларға қолдау көрсету қызметінде заңгерлер, әлеуметтік педагогтар, қорғаушылар, психологтар мен әлеуметтік жұмыс саласында тәжірибесі мол мамандар жұмыс істейді деп күтілуде. Сонымен қатар, ҚР-да балалар үйі мен кәмілет жасқа толмағандарды оңалту орталықтарының жанынан 69 отбасыларға қолдау көрсету қызметі, 117 асырап алған ата-аналар мектебі жұмыс істеуде. Алайда бұл жеткіліксіз.
«Сараптама көрсетіп отырғандай жылына 900-ден астам ата-ана құқығынан айырылады, 2 мыңнан астам бала жетім балалар үйіне түседі. Ішкі істер органдарында 12 мыңнан астам жағдайы нашар отбасы тіркелген, оларда 18 мыңнан астам бала тәрбиеленуде. Бүгінгі таңда қоғамдық бастамалар негізінде 69 отбасыларға қолдау көрсету қызметі, 117 асырап алған ата-аналар мектебі құрылды. Алайда бұл қызметтер мен мектептердің қызметкерлері балалар үйіндегі балаларға ғана көмек көрсетеді, алдын-ала әрекет жасалмайды», - деп толықтырды З.Оразалиева.
Анар Тәңірқұлова
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді