ҚР отбасылық психолог институтын құру ұсынылды

16 Маусым, 2015 12:34
Ұлт Көшбасшысы – Тұңғыш Президент қоры, Қазақстанда әлеуметтік жетімдіктің алдын алу бойынша заңнамаларға бірқатар өзгерістер мен отбасылық психолог институтын енгізуді ұсынды.

Бүгінде мемлекетте 5 миллионға жуық бала бар. 200 мыңға жуық бала (ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі балалар, оралмандар мен көшіп-қонушылардың балалары) кәсіби көмекті қажет етеді. Жайсыз отбасында туылған 12 мың балаға да әлеуметтік, психологиялық және заңдық көмекті қажет. Негізгі мәселе - Қазақстанда бүгінде отбасылық жайсыздықты ерте бастан анықтайтын тетіктің жоқтығында. Қиын жағдайда өмір сүріп жатқан балалар мен отбасыларға сапалы көмек көрсететін жүйе жоқ. Нәтижесінде кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталығына жылына 6 мың адам түседі, 3 мың бала балалар үйлеріне жеткізіледі»,-деді Ұлт Көшбасшысы – Тұңғыш Президент қоры атқарушы директорының орынбасары  Әділбек Мұсабаев Астанада өтіп жатқан әлеуметтік жетімдіктің алдын алуға бағытталған дөңгелек үстел отырысында.   

Оның сөзінше, әлеуметтік жетімдік проблемасын шешудің  жолы тек мемлекеттік органдарға қатысты болмуы керек, бұл проблема қоғамның өзіне байланысты. Осы ретте қор тарапынан қалыптасқан мәселені шешудің үш жолы ұынылды. 

«Біздің қордың мақсаты – өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беру. Президент балалар мен жастардың елдің болашағы екенін айтып келеді. Сол себепті, Қазақстанның бала асырап алған ата-аналары мен отбасына көмек қызметінің құқық негіздерін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан заңнамаларына толықтырулар енгізу керек. Сонымен қатар, әлеуметтік педагогтар мен заңгерлерді дайындап, арнайы қызметтерді отбасына қолдау көрсетуге үрету қажет. Қазақстанда көмекті қажет ететін балаларды қамқорлығына алған отбасылардың шығынын мемлекет көтеретін фостерлік отбасын енгізу маңызды»,-деді атқарушы директордың орынбасары.    

А.Мұсабаев қордың әлеуметтік идеялар мен жобаларының жәрмеңкесі сияқты дәстүрлі іс-шаралары бар екендігін айтты. Осы жәрмеңкеде Қазақстанда ұстаздық институты мен қонақ отбасы институтын енгізу мәселесі ұсынылды.

«Біз бұл жобаны қаржыландырдық және келесі жылы аз да болса оның жемісін көреміз деген ойдамыз. Біздің мақсатымыз қоғам мен қоғамдық ұйымдарды осындай мәселелерге назар аудауға үндеу»,-деді ол.  

Анар Тәңірқұлова

 

 

 

Барлық жаңалықтар