• Басты
  • Жаңалықтар
  • 5 институционалды реформа – бұл қоғамды нақты реформалау туралы белгі - сарапшы

5 институционалды реформа – бұл қоғамды нақты реформалау туралы белгі - сарапшы

16 Маусым, 2015 12:03
5 институционалды реформа - бұл қоғамды нақты реформалау туралы белгі, деді Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі, әлеуметтану ғылымының докторы Айгүл Забирова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

«5 институционалды реформа бағдарламасы сыртқы саяси аспекті бойынша, әлемдік қауымдастыққа Қазақстанның жас мемлекет екендігін соған қарамастан, өзінің ұлттық даму мақсаттарын қалыптастыра алатындығы мен өзінің басым бағыттарын нақтылай алатындығын көрсететін белгі деуге болады»,-деді сарапшы.

Оның айтуынша, реформалардың идеясы Қазақстанның қай бағытта және қалай жылжып бара жатқандығын көрсету.   

«5 институционалды реформа бағдарламасы – салмақты да мықты саяси көшбасшылықтың уақыт өткен сайын тиімділігінің төмендеп бара жатқандығының, әлеуметтік талдаулардың нәтижелері бойынша, қоғамдық әлеуметтік-саяси тұрақтылықта ұстап тұра алатындығын көрсететін белгі. Қоғам қалыптастыра алатын нәрсе – бұл әрине, әлеуметтік институттарды құру, 5 институционалды реформа – қоғамды нақты реформалаудың белгісі»,-деді ғалым.   

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар