- Басты
- Жаңалықтар
- 500 жаңадан шақырылған сарбаз ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері бөлімін толықтырды (Фото)
500 жаңадан шақырылған сарбаз ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері бөлімін толықтырды (Фото)
ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің 97617 (Алматы облысының Первомайка кенті), 20709 (Алматы облысының Жетіген кенті), 97616 (Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласы), 97638 (Шығыс Қазақстан облысының Серебрянск қаласы) әскери бөлімдерінде әскери ант қабылдау салтанатты рәсімі өтті.
Бұл күні осы көктемде ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріне мерзімді қызметке шақырылған 500-ге жуық бозбала салтанатты түрде әскери ант қабылдады.
«ҚР Қарулы Күштерінің қатарына кірген Қазақстан Республикасының азаматы Отанға, халқына және ҚР Президентіне ант беруі тиіс. Бүгін сендер осынау үлкен жауапкершілікті мойындарыңа алып, еліміздің батыл қорғаушылары болуға ант бердіңдер. Ер азамат үшін ант қабылдау өміріндегі мәңгі есте қаларлық күн. Отанымыздың рухты, қайсарлы Отан қорғаушылары болып, ата-аналарыңыз бен туған-туысқандарыңыздың үкілеген үмітін ақтаңыздар». – деді сөз соңында ҚР ҚК ӘҚК Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Нұржан Мұқанов.
Жас сарбаздарды 97617 әскери бөлімінің командирі полковник С.Телегенов, ҚР ҚК ӘҚК Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің ардагерлер одағының мүшелері запастағы полковник М.Раджибаев, полковник Д.Кулик, Ауған соғысы ардагерлері одағының бастығы А. Амраев, сондай-ақ жас сарбаздардың ата-аналары құттықтады.
Осы сәттен бастап жастар Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарына ресми түрде қабылданды. Олар өздерінің туысқандарымен бір жылға қоштасып, алғаш рет бірыңғай саппен әскери бөлімнің алаңқайын адымдап өтті. Енді жігіттер күрделі әскери ғылымның қыр-сырын меңгеретін болады. Бір жылғы мерзімді қызметтен кейін бүгінгі сарбаздар келісімшарт бойынша әскери қызметшілер ретінде қазақстандық армия қатарын толықтыра алады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Тәуелсіздкке 30 жыл: Орта Азия елдерінің театрлары өнер көрсетеді -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
Азаматтық авиация: Ұшу қауіпсіздігі, әуежайларды жаңғырту және маман тапшылығы мәселесі