- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұрлы жол» аясында логистикалық инфрақұрылымдарды дамытуға 14 млрд доллар бағытталады
«Нұрлы жол» аясында логистикалық инфрақұрылымдарды дамытуға 14 млрд доллар бағытталады
«Еліміздің 2050 жылға дейін ұзақмерзімді даму стратегиясына сәйкес әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына енуіміз шарт. Осы мақсатта «Нұрлы жол» бағдарламасы жасақталды, оның аясында алдағы үш жылда логистикалық инфрақұрылымдарды дамытуға 14 млрд доллар бағытталады. Сәуле принціпі бойынша елордадан аймақтарға қарай бағытталған автожол мен теміржол жолдары, көпірлер салынады, электр желілері тартылады, бұдан басқа, мектептер ауруханалар, ТКШ нысандары мен тұрғын үйлер бой көтереді», - деді Қ.Жақыпов.
Оның айтуныша, әлем экономикасындағы толқулар мен геосаяси тұрақсыздықтарға қарамастан Қазақстан тұрақты экономикалық өсім мен инвесторлар үшін тартымды екенін байқатуда.
«ИИДМБ аясында жаңа өндірістер құрылып, жаңа жұмыс орындары ашылуда, инновация енгізілуде. Біз БҰҰ-ның мыңжылдық дамуының басым мақсаттарына қолжеткіздік, кедейшілікті 20 есе азайттық ( 60%-дан 2,9%-ға дейін). Ауқымда әлеуметтік жаңғырту жүзеге асырылуда - жаңа мектептер мен университеттер, заманауи медициналық ауруханалар, спорттық құрылымдар салынуда, халыққа әлеуметтік қолдау көрсету жүйесі жетілдірілуде. Қазақстандықтардың мақтанышы - жаңа Астана, ол екі жылдан кейін «ЭКСПО 2017» халықаралық көрмесін қабылдайды. Осыдан 15 жыл бұрын Ұлттық қорды жасақтадық, онда шикізаттан түскен пайда жинастырылды. Қазақстандықтардың әл-аухатын арттыру үшін әлем экономикасындағы толқуларға қарамастан аталмыш қордан үш жыл бойы 3 млрд теңгеден ел экономикасына қолдау көрсету үшін бағытталып отырады», - деп атап өтті Қ.Жақыпов.
Ботагөз Айтжанова
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
14 маусым - Дүниежүзілік донор күні: Қан тапсыру қауіпті ме -
«Нұрлы жол»: Жолдағы қызмет көрсету нысандары, ақылы жолдар және кадр тапшылығы -
14 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
«Нұрлы жер»: 163 мың отбасы баспаналы болмақ -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақы түрінде 97 млрд теңге төленді