- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Жақыпов: Әлемде «Қазақстандық жол» немесе «Назарбаев үлгісі» түсініктері берік қалыптасты
Қ.Жақыпов: Әлемде «Қазақстандық жол» немесе «Назарбаев үлгісі» түсініктері берік қалыптасты
«Бүгінде жаһанда бір жарым мыңнан астам этносаяси шиеленістер мен қайшылықтар бар. Өкінішке орай, әзірге халықаралық ұйымдар да, жекелеген мемлекеттер де оларды реттей алмай отыр. Жаһандану үдерісі кезінде кез-келген қайшылықтың бүкіл әлемдік қауымдастыққа қауіп төндіретіні белгілі. Өйткені олар уақыт өткен сайын кең ауқымға тарап, оның соңы әскери экологиялық апаттарға, тұрғындардың жаппай көшіп-қонуына алып келуі ықтимал. Осы тұрғыдан алғанда, бейбітшілікті қамтамасыз ету аса маңызды және ол әр мемлекеттің саяси құндылығы»,-деді Қ.Жақыпов.
Сарапашылардың мәлімдеулерінше, елді жедел жаңғырту жағдайында этникаарлық және конфессияаралық бейбітшілікті қамтамасыз етудің қазақстандық тәжірибесі халықаралық қоғамдастық үшін аса маңызды. Халықаралық сарапшылық қоғамдастықта «Қазақстандық жол», «Назарбаев үлгісі» атты түсініктер берік қалыптасқандығын айтуда.
Қазақстандық реформалардың негізгі үш бағытынің бірі – жүйелі экономикалық реформалар жүргізу мен «алдымен экономика – сондан соң саясат» принципі негізінде халықтың әл-ауқатының жақсаруын одан әрі қамтамасыз ету. «Назарбаев үлгісі» бейбіт тұрақты өмірде де, дағдарыс кезінде де өзінің тиімділігін, өміршеңдігін көрсетті. Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына сенімді түрде кірді. Тәуелсіздік жылдарында ішкі жалпы өнім көлемі 24 есеге өсіп, жан басына шаққандағы жалпы өнім 13 мың долларға жетті. Бұл кірісі орташадан жоғары деңгейдегі мемлекеттердің жетістіктеріне тепе тең деуге болады. Бүкіләлемдік банк рейтингі бойынша Қазақстан кәсіпкерлікті жүргізу жағынан тартымды 50 елдің қатарында. Оның айғағы елімізге 200 миллиард доллар тікелей инвестициялар тартылды»,-деді Мәжіліс төрағасы.
Ботагөз Айтжанова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
COVID-19: Әлемде жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны артты -
«Нұрлы жол»: Жолдағы қызмет көрсету нысандары, ақылы жолдар және кадр тапшылығы -
Ұлттық мүдде ұстанымына берік ұстаз -
Әлемдегі және Қазақстандағы электронды сауданың даму перспективалары -
Қашықтан оқытудың әлемдегі қарқыны -
COVID-19: Әлемдегі вакциналау науқаны, Токио Олимпиадасы және карантин шаралары -
Есірткі саудасы немесе адамзатқа қарсы қылмыс жайлы -
Әлемдегі COVID-19: Қазақстан жұқтырғандар саны бойынша әлемдік рейтингте 110-орында