• Басты
  • Ақмола облысы «Менiң Елiм - Моя Страна» автошеруінің қатысушыларын қарсы алды(ФОТО)

Ақмола облысы «Менiң Елiм - Моя Страна» автошеруінің қатысушыларын қарсы алды(ФОТО)

16 Маусым, 2015 15:04
Атбасар ауданының «Жастар орталығы» Атырау қаласында ағымдағы жылдың 29 мамырында басталған «Менiң Елiм - Моя Страна» ІІ-автошеруге қатысушы-қонақтарды қарсы алды, деп хабарлады Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы».

Жобаны «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының қолдауымен атыраулық «Wheels Brothers» мотоклубы ұйымдастырды. Жобаның мақсаты кездесулер, әңгімелесулер, әр облыс жастарының достық қарым-қатынасын орнату арқылы көпұлтты елімізді біріктіру және ол - Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай өткізіліп отыр.

Автошерудің бірегейлілігі мен ауқымдылығы Президенттің Ассмаблея негізіне салған идеясын жастарға ашық-жарқын түрде жеткізуге мүмкіндік береді.

«Біздің жобамыздың міндеті елімізді біріктіру, Қазақстандағы туризмді насихаттау, белсенді демалыс пен салауатты өмір салтын дәріптеу, қалаларды аралап, еліміздің тарихынан сыр шертетін ескерткіштермен танысу»,  деді «Wheels Brothers» мотоклубының президенті Олег Шмаль.

Мотешеру шеңбері аясында Қазақстанның 20-дан астам елдімекені айналып өтіледі. Мотошерудің жол жүру уақыты  18 күн. Ал, жалпы ұзындығы 10500 шақырымнан асады.

Өзге аймақтардың мотоциклистері қонақтарды күтіп алып қана қоймай, қалаған жағдайда қосыла алады. Ниет білдіргендерге мотошерудің атауы жазылған футболка беріледі, ал барлық қашықтықты жүріп өткендерге естелік сыйлықтар тарту етіледі.

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар