- Басты
- Жаңалықтар
- ИИДМБ: Қарағанды облысында Индустрияландыру картасы аясында 200 жұмыс орны ашылады
ИИДМБ: Қарағанды облысында Индустрияландыру картасы аясында 200 жұмыс орны ашылады
Индустрияландыру картасына қатысты Үйлестіру кеңесінің мүшелеріне «Коунрад мыс компаниясы» ЖШС «Катодты мыс өндірісі бойынша зауыттың өндірістік қуатын ұлғайту» және «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы – «Қарағанды құю-машина жасау зауыты» машина жасау өндірісін жаңғырту жобасы ұсынылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
«Коунрад мыс компаниясының жобасы (Балқаш қаласы) техногенді минералды түзілімдерді екінші қайтара өңдеудің инновациялық технологиясын пайдаланумен катод мысы өндірісін жылына 10 мың тоннадан 15 мың тоннаға дейін арттыру қарастырылған. Жобаның құны 1,9 млрд. теңге. Жобаны іске асыру кәсіпорында 16 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда негізгі өнім – катод мысын өткізуге тұрақты және ұзақ мерзімді келісімшарттар бар.
Қарағанды құю-механикалық зауытының жобасы Қарағанды қаласында іске асырылады және еңбек өнімдігінің өсуі мен қосалқы құнын арттыруға бағытталады. Жобаның аясында станок паркі жаңартылады, қазақстандық қамту үлесі арттырылады және бірқатар бағыттар бойынша өндіріс оқшауландырылады. Жобаның құны 11 млрд. теңгеден асады.
Сонымен қатар жобаның аясында заманауи конструкторлық-технологиялық орталық ұйымдастырылды. Жобаны іске асыру нәтижесі 189 жаңа жұмыс орнын құру болып табылады.
Облыстың Индустрияландыру картасын өзектендіру қорытындылары бойынша 11 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын құрумен жалпы құны 527,8 млрд.теңге болатын 91 жоба есептелінеді.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі