- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан ЕҚЫҰ-мен сындарлы ынтымақтастықты жоғары бағалайды – Қ.Жақыпов
Қазақстан ЕҚЫҰ-мен сындарлы ынтымақтастықты жоғары бағалайды – Қ.Жақыпов
Қ. Жақыпов мейманға Мәжілістің ұйымдастыруымен өтетін ҚХА 20 жылдығына арналған ««Қазақстандық жол: Бірлік. Патриотизм. Реформалар» халықаралық конференциясына қатысуға ниет білдіргені үшін өз алғысын жеткізді.
Осы ретте Мәжіліс Спикері Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев саясатының басым бағыттарының бірі – ұлтаралық келісім мәселесі екенін атап өтті.
Қ. Жақыповтың айтуынша, біздің еліміз ЕҚЫҰ-мен сындарлы ынтымақтастықты, соның ішінде, азаматтық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша ықпалдастықты өте жоғары бағалайды.
Одан әрі Мәжіліс Төрағасы Қазақстанда этникалық топтардың дамуы, тілінің, мәдениеті мен әдет-ғұрпының сақталуы үшін барлық жағдай жасалғандығына тоқталды. Мәселен, бүгінгі күні біздің елімізде 97 мыңнан астам оқушы, 37 мектепте, сондай-ақ, 171 аралас мектепте өзбек, тәжік, ұйғыр тілдерінде білім алады.
Сонымен қатар, Қазақстан этностарының 15 тілде 37 газеті және 11 тілде журналы шығады.
Астрид Турс Қазақстанда Жоғарғы комиссар кеңсесі ашылған күннен бастап, тиімді үнқатысу орнап, ҚХА-мен өзара белсенді іс-қимыл жүргізіліп келе жатқанын атап өтті.
Тараптар сондай-ақ, Аз ұлттар интеграциясы туралы және Қазақстан Халқы Ассамблеясының іс-тәжірибесі төңірегінде әңгіме қозғады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру