- Басты
- Жаңалықтар
- ОАР-да ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі таныстырылды
ОАР-да ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі таныстырылды
«АО Саммиті Африка – 2063 Күн тәртібінің негізінде континенттің болашақ дамуына және әйел рөлін нығайту мәселелеріне арналды. Саммит шеңберінде аумақтық қауіпсіздік және көші-қон саясатын нығайту мәселелері талқыланды», - делінген хабарламада.
Саммит барысында қазақстандық делегация жүзден астам африкалық мемлекеттер өкілдерінің қатысуымен «Африка – 2063 күн тәртібін қолдау үшін: азық-түлік, энергетикалық және су қауіпсіздігі» атты арнайы іс-шара өткізді. Аталмыш іс-шара аясында 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне Қазақстан өтінімінің және мамандырылған көрменің тұсаукесері өтті.
Гамбия Сыртқы істер министрі Ненех Макдуал Гайе, Либерия СІМ басшысы Августин Кпехе Нгафуан және Сомали Сыртқы істер министрі Абдисалам Хадли Омар, БҰҰ Африка бойынша Экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысының орынбасары Абдулла Хамдок, АО Комиссиясы төрағасының орынбасары Эрастус Мвенча және басқа да АО Хатшылығының комиссарлары бұл іс-шараның құрметті қонақтары және спикерлері болды.
Өз сөзінде А. Мусинов БҰҰ-ны реформалау бойынша АО бастамасын қолдау жөніндегі Қазақстан ұстанымын, сондай-ақ, Африканың мыңдаған адамдардың өмірін алып кеткен Эбола эпидемиясына қарсы және африкалық континентке қаржы және басқа қажетті көмек беруді жалғастыруға дайын екендігін атап өтті. Қатысушыларға Африкадағы азық-түлік және ашаршылық мәселелерін шешуде еліміздің маңызды үлесі болып табылатын Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы арқылы азық-түлік көмегін көрсету туралы қазақстандық бастама жөнінде ақпарат берілді.
Саммит аясында қазақстандық делегацияның басшысы Гвинея Президенті Альфо Кондемен, ОАР, Гамбия, Либерия, Сомали, Малави, Тунис, Сьерра-Леоне, Камерун және Мозамбик Сыртқы істер министрлерімен кездесулер өткізді. Кездесулер барысында көпжақты алаңда өзара қолдау көрсету және екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Африка Сыртқы істер министрліктерінің басшыларына БҰҰ ҚК-не ҚР тұрақсыз мүшелігі және ЭКСПО-2017 қатысу мәселелері бойынша ҚР Президенті және ҚР Премьер-министрі аттарынан хаттар табысталды.
Сондай-ақ, ОАР-ға сапары кезеңінде қазақстандық делегацияның басшысы Йоханнесбургте ҚР Құрметті консулдығын ашу рәсіміне қатысты.
Құрлықтың 54 мемлекетін біріктіріп, 1 млрд. астам халық санын қамтитын Африкалық Одақта Қазақстан 2014 жылы қарашадан бастап бақылаушы болып табылады.
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
Қазақстандық әнші халықаралық «Яңы моң» музыкалық жобасында бақ сынауда -
Ұлттық жоспар - 2025 және халықаралық тәжірибе -
Шағын және орта бизнес: халықаралық және ішкі ахуал -
Елордада белгілі кескіндемеші Кәміл Моллашевтің жеке көрмесі ашылды -
22 халықаралық IT-компания Astana Hub қатысушысы атанды -
Қазақстандағы сайлау халықаралық стандартқа сай өтіп жатыр – халықаралық бақылаушы