- Басты
- Жаңалықтар
- «Қазатомөнеркәсіп» 9,5 млн теңгеге қызылордалық өнімді сатып алуды жоспарлауда (Фото)
«Қазатомөнеркәсіп» 9,5 млн теңгеге қызылордалық өнімді сатып алуды жоспарлауда (Фото)
Алдымен Асқар Жұмағалиев пен облыс әкімі Қ.Көшербаев Шиелі кентіндегі холдингтің еншілес кәсіпорыны «Уранэнерго» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Бұл мекеме 9 кен орнын 11 қосалқы станция арқылы электр қуатымен қамтып отыр.
«Өткен жылы күн сәулесінен энергия алатын қондырғы орнатқан. Мұнда сағатына 250 кв/сағат энергия алынады. Мұнан соң «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» ЖШС және «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС-не қарасты нысандарды аралады»,- делінген хабарламада.
«Біз отандық тауар өндірушілерді қолдау аясында 2015-2016 жылдары 9,5 млрд теңгеге жергілікті кәсіпорындардан химиялық реагент (күкірт қышқылы), полимер құбырлар және басқа да өнімдерді сатып алуды жоспарлап отыр. Бұған байланысты Қызылорда облысы әкімдігімен меморандумға қол қойдық. Қуаныштысы, бізге қажетті өнімнің барлығы Қызылорданың өзінде өндіріледі екен», - деді А.Жұмағалиев.
«Семізбай-U» ЖШС-гі жер асты шаймалау әдісімен уран өндіреді. Аталған мекеменің жұмысымен танысқаннан соң қос тарап өңірдегі уран өндіруші кәсіпорындардың даму болашағы, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық саладағы қазақстандық үлесті арттыру мәселесі сөз болды.
Ұлттық атом компаниясының басшысы Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы «СКЗ-U» ЖШС-нің күкірт қышқылы зауытының да жұмысын көрді. Жылына 500 мың тонна күкірт өндіретін зауыттың ТМД елдерінде баламасы жоқ. Зауыт «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарын кеніштердегі уран өндіру үдерісінде негізгі реагент саналатын күкірт қышқылымен қамтамасыз етіп келеді.
Мұнда қызмет ететін 300-ге жуық жұмысшының 90 пайыздан астамы жергілікті тұрғындар. Сапар барысында қос тарап өндірісті өркендетіп, тұрақты жұмыс орнын сақтап, облыстың әлеуметтік-экономикалық өсіп өркендеуін қамтамасыз етуде бірге жұмыс жасайтын болып келісті.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қазақстанда 7 млн-нан астам азамат вакцина алды -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
Елордада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі -
Сақтандырылған қазақстандықтар саны 1 млн-ға артты