- Басты
- Жаңалықтар
- Е.Ыдырысов пен А. Турс ЕҚЫҰ Жоғарғы комиссарының кеңсесімен Қазақстанның ынтымақтастық болашағын талқылады
Е.Ыдырысов пен А. Турс ЕҚЫҰ Жоғарғы комиссарының кеңсесімен Қазақстанның ынтымақтастық болашағын талқылады
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен ЕҚЫҰ Жоғарғы комиссары кеңсесі арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен болашағын талқылады.
Е. Ыдырысов А. Турс сапарының толерантты әрі көп ұлтты қоғам қалыптастыру ісіндегі еліміздің жетістіктері туралы ақпаратты «тура деректемеден» алуда, Қазақстандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалары кеңсесінің жобалық қызметін белсендіруде жаңа мүмкіндіктерді ашуда маңыздылығын атап өтті.
Сыртқы саяси ведомство басшысы Қазақстан қаржы дағдарысына сәтті қарсы тұрып, бәсекеге едәуір қабілетті 50 әлем экономикалары қатарына енгенін және әлеуметтік-экономикалық дамудың ерекше үлгісін қалыптастырғанын айрықша атап өтті. «Күш-жігердің нәтижесінде 2050 жылға дейінгі Қазақстан даму Стратегиясын және әлемнің 30 дамыған елдері қатарына енуді мақсат еткен«Нұрлы жол» экономикалық бағдарламасын іске қосу жүзеге асты»,–деп көрсетті министр.
Е. Ыдырысов Қазақстандағы төзімділік пен сенім ахуалы еліміздің келбетіне айналғанын және әлеуметтік-экономикалық дамудың табысы ең алдымен Қазақстандағы ұлтаралық бейбітшілік пен конфессияаралық келісімнің арқасында іске асып отырғанын, және бұл келісімге қолдау көрсету ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сыртқы саясатының маңызды басымдылығы болып табылатынын атап өтті.
Министрдің айтуынша, қазақстандық саясаттың ерекшелігі оның «төзімділік» ұғымын «өзгелерге төзімділік таныту» ретінде ғана емес, өзгелерді құрметтеу, өзара тату өмір сүру барысында бір-бірінен үйрену, рухани-мәдени баюды қамтитын «төзімділіктің үлгілі моделі» ретінде түсінуінде.
А. Турс елдегі әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі жалғастыру мен жаңарту шараларын, атап айтқанда, бес институционалдық реформасы мен 100 нақты қадамының «Ұлт жоспарын» жүзеге асыру аясындағы әрекеттерін жоғары бағалап, «ұлтаралық қатынастар тұрақтылығы мен достық бүгінгі таңда ЕҚЫҰ үшін аса өзекті мәселеге айналғалы тұр» деп мәлімдеді. Ол, сонымен қатар, диалогты халықаралық деңгейде нығайту үшін таяуда өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезінің маңыздылығын атап өтті.
Сұхбаттастар өзін жақсы жағынан танытқан Қазақстандағы ұлтаралық келісім саясатын одан әрі қолдаудың және осындай шетін мәселеде ЕҚЫҰ-мен тәжірибе алмасуды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады