- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның ұлтаралық келісім тәжірибесіне көпұлтты Ауғанстан мүдделілік танытты
Қазақстанның ұлтаралық келісім тәжірибесіне көпұлтты Ауғанстан мүдделілік танытты
Делегация жетекшісі ауғандық Парламенттің Әйелдер мен балалар ісі комиссиясы төрағасының орынбасары Шукрия Пайкан Ахмади. Кездесудегі басты тақырып Мәжіліс ұйымдастырған Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған халықаралық конференция болды. Жүздесуде Қазақстандағы ұлтаралық келісім тәжірибесіне көпұлтты Ауғанстан мүдделілік танытты.
Сонымен бірге Г.Иксанова, Мәжіліс өткізгелі отырған Конференция оған қатысушылар үшін барлық жағынан пайдалы болатынын айтты. Және де Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев пен біздің халық бейбітшілікті және соған ұмтылған барлық елдерді қолдайтынын, соның ішінде Ауғанстанды да атап өтті.Сол мақсатқа жету үшін екі ел арасында жан-жақты ынтымақтастық, әсіресе мәдени-ізгілікті бағытта болатынын мәлімдеді. Шукрия Пайкан Ахмади конференцияға шақырғандарына алғысын айтып, Ауғанстанға жасалып жатқан барлық көмекке, әсіресе ізгілік көмегіне ризашылық білдірді.
«Біздің елмізде болған соғыстарда, соның ішінде талибандармен болғанында әйелдер қатты зардап шекті. Ауғанстан өз достарының көмегіне зәру»,- деп мәлімдеді ауған парламентшісі.
Сондықтан парламенттік жиын, байланыстар мен тәжірибе алмасу парламенттік дипломатияны жандандырады, халықтардың ынтымақтастығын арттырып, бейбітшілік пен гүлденуге бағытталады. Парламентаралық мәселелерді кең ауқымда қарастырған жүздесуге Мәжіліс депутаттары У.Бишимбаев пен М.Қазбекова және Ауғанстан Ислам Республикасы Парламенті Волеси Джирганың бюджет бойынша комиссия мүшесі Баз Мохаммад Джаузджани, Ауғанстан Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохаммад Фарук Бараки қатысты.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Ауғанстан: күн сайын өзгерген саяси ахуал жайлы -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Қазақстанның бейбіт бастамалары -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі