• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Президенті Лакшми Митталмен «Арселор Митталдың» қазақстандық экономиканы дамытуға қатысу мәселелерін талқылады

ҚР Президенті Лакшми Митталмен «Арселор Митталдың» қазақстандық экономиканы дамытуға қатысу мәселелерін талқылады

15 Маусым, 2015 18:34
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Арселор Миттал» компаниясының төрағасы және бас атқарушы директоры Лакшми Митталды қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесуде компанияның Қазақстан экономикасын дамытуға қатысуы мәселелері, оның мемлекет жүзеге асырып жатқан бағдарламалар аясындағы қызметінің келешегі талқыланды.

Сондай-ақ Теміртаудағы «Арселор Миттал» металлургия комбинаты жұмысының негізгі мәселелері қарастырылды, әлемдік экономикадағы қатерлерді ескере отырып, кәсіпорынның тұрақты әрі тиімді қызметін қамтамасыз ету қажеттілігі атап өтілді.  

Барлық жаңалықтар