- Басты
- Жаңалықтар
- «Дала қыраны – 2015» халықаралық оқу-жаттығуында арнайы компьютерлік бағдарлама қолданылады (ФОТО)
«Дала қыраны – 2015» халықаралық оқу-жаттығуында арнайы компьютерлік бағдарлама қолданылады (ФОТО)
«Іле» оқу-жаттығу орталығының базасында өтіп жатқан «Дала қыраны – 2015» оқу-жаттығуының екінші кезеңінің ерекшелігі командалық-штабтық жаттықтырулар түрінде бітімгершілік бөлімшелерінің штабтарын дайындау болды. Командалық-штабтық компьютерлік-симуляциялық оқу-жаттығу JCATs бағдарламасы қолданыла отырып өткізіледі. Бұл бағдарлама моторесурстар мен оқ-дәрілерді шығындамай бөлімшелерді жоспарлау, басқару және қолдану мәселелерін өңдеуге және компьютерде жоспарланатын операцияларды жүргізуге мүмкіндік береді.
Еске сала кетейік, «Дала қыраны» оқу-жаттығуының бірінші кезеңінің негізіне бейбітшілікті қолдау жөніндегі көпбейінді операцияларға сәйкес біріккен қолбасшылықпен бірге көп ұлтты күштердің құрамында тапсырмаларды орындаудағы «Қазбат» бітімгершілік батальонын тексеру кірді.
«Дала қыраны» оқу-жаттығуы бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларға «Қазбригтің» жедел үйлесімділігіне қол жеткізуге бағытталған және біріккен қолбасшылықпен бірге көп ұлтты күштер құрамында бітімгершілік бригаданың тапсырмаларды орындау қабілеттілігін шынайы тексереді. Ол 2003 жылы басталды.
Жыл сайын оқу-жаттығуларға 1 500-ден астам адам, сондай-ақ шетел мемлекеттерінің әскери бақылаушылары, НАТО-ның әртүрлі штабтарының сарапшылары және Қазақстан Республикасында аккредитацияланған әскери-дипломатиялық корпус тартылады.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты