- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның әскери ұшқыштары әуеде жүздеген сағатын өткізеді
Қазақстанның әскери ұшқыштары әуеде жүздеген сағатын өткізеді
Олардың ішінде Қазақстан Қарулы Күштерінің парашют спорты, авиацияның армиялық, майдандық және әскери-көліктік ұшу-тактикалық оқу-жаттығуы, сондай-ақ «Әскери достастық-2015», «Қаратау-2015» оқу-жаттығулары, Аэротұтқыр әскерлері мен Құрлық әскерлері («Айбалта-2015») бөлімшелерінің бірлескен жаттығулары. Осы орайда авиаторлар жарты жыл ішінде әуеде жүздеген сағатты өткізіп, күрделі ауа-райы жағдайларында күндізгі және түнгі ұшуларды орындайды. Ұшқыштарымыздың айтуынша бүгінгі күні маңызды сайыстардың бірі «Авиадартс-2015» халықаралық жарысына қатысу болып табылады.
Мұнда олар алғаш рет Ресей, Беларусь және Қытай экипаждары ұшудан машықтанған дағдылары бойынша жарысатын болады.
Қазіргі кезде экипаждарды іріктеу жүргізіліп жатыр. Барлық үміткерлер алдағы байқауға қатысатындар ортасынан табылу үшін бар күш-жігерін салып бағуда. Оған біліктілік разряды 3-сыныптан кем емес және жасы 35-ке дейінгі экипаж командирінен буын (жасақ) командиріне дейінгі лауазымдардағы ұшқыштар қатыса алатындығы айтылған болатын.
Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың 26 шілдесі мен 16 тамызы аралығында Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің авиациябазасында «Авиадартс-2015» сайысы өтеді. ҚР Қарулы Күштерінің атынан байқауға МиГ-29 жойғыш, Су-25 шабуылдаушы және Ми-8МТ әскери-көліктік тік ұшақтары қатысады.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Қазақстанның бейбіт бастамалары -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі -
Педагогтерге алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы табыс етілді
-
Пандемияға 1 жыл: Қазақстанның денсаулық сақтау саласы өзгерді - дәрігер