- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ШҚО-да 6 көппәтерлі үй пайдалануға беріледі
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ШҚО-да 6 көппәтерлі үй пайдалануға беріледі
Жалдамалы тұрғын үй құрылысы мен инженерлік-коммуцникациялық инфрақұрылым жүргізу мақсатында ҚР Ұлттық қорынан 6,5 млрд. теңге бөлінген болатын. 2015 жылы жалдамалы тұрғын үйдің құрылысы мен ие оны алуға «ҚИК» АҚ-да 4,5 млрд.теңге қарастырылған. Осы қаржыға Өскемен және Семей қаласы, сондай-ақ Ұлан ауданында 611 пәтерлі 6 үй пайдалануға беріледі.
Бағдарлама аясына Семей қаласында 120 пәтерлі үйден баспанаға ие болғандар көшіріле бастады. Ағымдағы жылы тағы да 126 пәтерлі 2 үйдің құрылысы аяқталмақ.
Ал облыс орталығы Өскеменде осы жылдың шілде айында 225 пәтерлі үйдің құрылысы басталады. Жоспарға сәйкес, тұрғын үй 2016 жылы пайдалануға берілмек. Ұлан ауданының орталығы – Қасым Қайсенов кентінде 140 пәтерлі 2 үйдің құрылысы жүргізілуде.
Сонымен қатар, тұрғын үй құрылысы жүріп жатқан өңірлерге инженерлік инфрақұрылым жүргізу үшін Ұлттық қордан аймақ бюджетіне 2 млрд.теңге бөлінді. Бөлінген қаржыға 14 жоба жүзеге асырылатын болады.
Естеріңізге сала кетсек, «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ-мен салынған көпқабатты үйлер ең алдымен коммуналдық-тұрғын үйге кезекке тұрғандарға беріледі. Айта кетерлігі, барлық қаржы көздері есебінен Шығыс Қазақстанда 5 860 пәтерлі 70 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты