- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Назарбаев: Ұлт жоспары «100 қадам» - бұл біздің болашаққа деген сенімді тапсырысымыз
Н. Назарбаев: Ұлт жоспары «100 қадам» - бұл біздің болашаққа деген сенімді тапсырысымыз
«Біз адамзат үшін өте көп ізгі істерге бастамашы болдық, ядролық полигонның жабылуы, ядролық қарудан бас тарту, Азиядағы сенім бойынша келіссөз жүргізу, жақында ғана өткен әлемдік діндер съезі – бұлардың барлығы да біздің жер бетіндегі бейбітшілік үшін, планетаның аман-есендігі үшін қосқан үлкен үлесіміз. Ешқашанда қол жеткізген жетістікке толмейілсуге болмайды. Сен тоқтасаң, соңыңнан келе жатқандар сені басып озады. Сол себепті белгілі бір деңгейде сәттілікке қол жеткізе отырып, біз сонымен тоқтап қалмауымыз керек. Сол себепті мен елді жаңғыртуға бағытталған жаңа реформалардың үлкен легін бастадым, олар «100 қадам» ұлт жоспарында көрініс тапқан. Бұл біздің болашаққа деген сенімді тапсырысымыз»,-деді Мемлекет басшысы.
Елбасы атап өткеніндей, Қазақстанның алдында ең мықты денсаулық сақтау, ең мықты білім беру саласын қалыптастыру, қазақстандықтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету сияқты үлкен міндеттер тұр. «Біз экономиканың барлық салаларындағы терең реформаларды жүзеге асыруға кірістік және біз елді индустрияландыру жұмыстарын жалғастыратын боламыз, «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асырамыз, жаңғырту үдерісі мемлекетті барлық азаматтар үшін ашық, жариялы етеді»,-деді Президент.
Бұл ретте Мемлекет басшысы Қазақстанның мемлекеттік аппаратының тек мемлекет пен халық мүддесі үшін жұмыс істейтін, ар-ұжданы таза болатындығын айтып өтті. Біз өзіміздің алдымызға ғасырдың ортасына таман әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енеміз деген үлкен міндет қойдық. Енді қазір не болып жатқанын қараңыздаршы, жаһандық экономика стагнация деңгейінде баламаланып отыр, тұрақсыз нарықтар, жетекші державалардың геосаяси пікір қайшылығы әлемдік деңгейдегі қауіпсіздік пен жаһандық сенімге сызат түсіруде. Міне, осындай біржақты емес жағдайда да алға жылжуды тоқтатпай, бірлікті нығайта беру керек. Әрине бұл өте қиын жол болады, ол саяси ерік-жігерді қажет етеді, бүгінгі заманның қауіп-қатерлерінен жол таба білуді талап етеді, төзімділік пен халықтың бірлігі мен даналығы қажет болады. Бейбітшілік пен келесім бұл біздің қазақстандық бақытымыз, бұл қазақстандықтардың үлкен жетістігі және оған ылғи да қамқорлық қажет»,-деді Мемлекет басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Назарбаев университетінде университеттің алғашқы түлектерін дипломдармен марапаттау рәсімі өтіп, 446 азамат оқу орнын тәмәмдады.
Индира Кауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады