• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Президенті Назарбаев Университетінің үздік түлектеріне дипломдарын берді

ҚР Президенті Назарбаев Университетінің үздік түлектеріне дипломдарын берді

15 Маусым, 2015 17:09
ҚР Президенті Назарбаев Университетінің алғашқы түлектерін құттықтап, оқу үздіктері 9 студентке дипломдарын берді.

«Қазақстан үздік ұлтаралық келісім үлгісін көрсетті, біз отанымызды мақтан тұтамыз және біз оған өзіміз қол жеткіздік.  Біз әрқашан күшімізге сенімді болуымыз керек. Бүгінде бізде бар дүниелерге  біздің ата-бабаларымыз иелік ете алмады. Біз өзіміздің өмірлік жолымызды өзбетінше анықтай алатын қазақстандықтардың алғашқы ұрпағымыз, сондықтан сіздерге өз мүмкіндіктеріңізді ақылды пайдаланған, сонымен қатар тарих, халық пен мемлекет алдындағы жауапкершілікті ұмытпаған жөн», - деді Елбасы.

Елбасы атап өткендей, университет түлектері – бұл егемендік жағдайындағы еліміздің жаңа ұрпақ элитасы. «Сіздердің алдарыңызда жаһандану жағдайында мемлекетті дамыту міндеті тұр. Мен жақын арада қазақстандықтар, оның ішінде Назарбаев университетінің түлектері өздерінің жасампаздығын көрсете біледі деген ойдамын», - деп баса айтты Ұлт көшбасшысы.

Назарбаев университетінің үздік түлектері қатарында GPA 4.0 бар когортадағы 2015 жылдың студенті  Айсұлу Айтбекова – Chevron-нан берілген студенттік зерттеулер гранты ҚР Президенті шәкіртақысының иесі бар. Оны Принстон, Стэнфорд пен МТИ оқуға шықыруда.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Назарбаев Университетінде ҚР Президентінің қатысуымен алғашқы түлектердің салтанатты рәсімі өтті. Оған студенттер, ата-аналар, оқытушылар құрамы мен ірі ұлттық компаниялардың басшылары қатысты. Сөйтіп, 446 студент Назарбаев Университетінің алғашқы түлектері атанды.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар