• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда донорлық қан өткізу үшін барлық мүмкіндіктер жасалған – сарапшы

Қазақстанда донорлық қан өткізу үшін барлық мүмкіндіктер жасалған – сарапшы

15 Маусым, 2015 16:53
Қазақстандық донорлар өте жақсы жағдайда қан тапсыруда, расында да қазақстандық қан қызметі әлемдік деңгейде, деді Шығыс Еуропа мен ТМД бойынша халықаралық трансфузиологтар қоғамының жетекшісі Евгений Жибурт Орталық коммуникациялар қызметінде.

«Қазақстандық донорлар өте жақсы жағдайда қан тапсыруда, расында да қазақстандық қан қызметі әлемдік деңгейде. Қазақстанның донорлық инфекцияға екідеңгейлі скрининг енгізген алғашқы мемлекет екені туралы бірнеше рет мәлімденді»,-деді Е.Жибурт.  

Оның сөзінше, қазақстандық ғалымдар бірінші кезеңнің қаншалықты оңды екендігіне үлкен зерттеу жүргізді.

«Зерттеу нәтижелері «Вирусология мәселелері» атты танымал журналда жарияланды. Ең кездейсоқ жағдай 1 мың 650 жағдайдың бірінде болатын В вирусты гепатитімен байланысты болды. Бұл өзге дамыған елдерге қарағанда көбірек, тіпті Мәскеудегіден де көп. Жалпы, жекелеген орталықтарда болмаса Ресейде мұндай ұлттық мәліметтер жоқ. Міне, инфекциялардың геномына жүргізілетін скрининг не үшін қажет»,-деді Е.Жибурт.

Сарапшының айтуынша, Астанадағы қан орталығы әлемде алғашқылардың бірі болып, Intercept технологиясы бойынша тромбициттерді 100 пайыз инактивациялауды жүзеге асырды. Яғни, бүгінде Қазақстандағы донорлық қан бұрынғыларына қарағанда әлдеқайда қауіпсіз»,-деді Е.Жибурт.   

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар