Қазақстанда жыл сайын 200 мың литр донор қаны даярланады

15 Маусым, 2015 16:23
Қазақстанда жыл сайын 18 қан орталығында қан қызметі 200 мың литр қан даярлап, 300 мыңдай донация жасайды, деп мәлімдеді ҚР ДСӘДМ Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының трансфузиолог дәрігері Зәуреш Әлменова ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.

«Жыл сайын Қазақстанда 18 қан орталығында қан қызметі 200 мың литр қан даярлап, 300 мыңдай донация жасайды», - деді З.Әлменова

Оның айтуынша, барлық донациялардан тұрақты донорлар саны 10% құрады   - олар жылына 3-5 рет тұрақты түрде қан беретін адамдар.

«Өз жақындарына, туған-туыстарына көмек бергісі келетіндер өте көп, алайда олардың 10%-ы біздің қан орталығына келгенде  денсаулығына байланысты өтпей қалады. Мысалы, антибиотиктер қабылдағаннан кейін жақын екі аптада донор бола алмайсын», - деп толықтырды дәрігер.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар