• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда қан донорлығы бойынша жағдайды оңалту бағытында үлкен жұмыстар атқарылуда- ДДҰ

Қазақстанда қан донорлығы бойынша жағдайды оңалту бағытында үлкен жұмыстар атқарылуда- ДДҰ

15 Маусым, 2015 16:07
Қазақстанда қан донорлығы бойынша жағдайды оңалту бағытында үлкен жұмыстар атқарылуда, деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Қазақстандағы өкілі Мелита Вуйнович Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

«Жылына әлемде 108 миллион қан донациясы жиналады, олардың 50 пайызы әлем халқының 18 пайызы өмір сүріп жатқан кірісі жоғары мемлекет өкілдерінен алынады. Әлемнің 168 мемлекетінде 10 мыңға жуық қан орталықтары 83 млн қан донациялары жиналатындығын мәлімдейді»,-деді М.Вуйнович.

Оның сөзінше, тұрғындардың 1 пайызы қан қорының доноры болғаны жақсы, ал 2,5 пайызы осы санаттағы азаматтар болса, ол тіпті жақсы. «Қазақстандағы жағдай туралы айтатын болсақ, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі донорлық пен қан қызметін дамытуды қамтамасыз ете отырып, транфузиялық терапияны дамыту үшін превентивті шаралар қолдануда. Бұл инфекциялық ауруларды емдегеннен көрі тиімді болып табылады»,-деді М.Вуйнович.      

ДДҰ өкілінің айтуынша, Қазақстанда қан донорлығымен байланысты жағдайда жақсарту үшін үлкен жұмыстар атқарылуда.  

2013 жылы ДДҰ қан орталығымен және «Бір тамшы өмір» үкіметтік емес ұйымымен бірлесіп, тұрғындардың донорлық мәселесінен қаншалықты хабардарлығын білу үшін жүргізілген әлеуметтік зерттеуді аяқтады. Осы зерттеулердің негізінде қайтарымсыз донорлықты дамыту мәселесі бойынша кеңестер дайындалды.

«ДДҰ аталған кеңестер 2016-2020 жылдарды қамтитын Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дамытудың жаңа бағдарламасына енгізіледі деген сенімде. Атқарылып жатқан жұмыстар нәтижесін көрсетуде»,-деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 14- маусымда бүкіл әлем Бүкіләлемдік қан доноры күнін атап өтеді.

Биылғы жылғы науқанның тақырыбы «Менің өмірімнің сақталғаны үшін рахмет» деп аталады.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар