• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан – дамудың, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудың жарқын үлгісі

Қазақстан – дамудың, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудың жарқын үлгісі

15 Маусым, 2015 17:49
Бүігін Мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақыпов елімізде сапармен жүрген Қырғызстанның Жогорку Кенешінің спикері Асылбек Жеэнбековпен кездесті.

Жүздесуде сауда-экономикалық қатынастарды нығайту, парламентаралық ынтымақтастықты тереңдету, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы келісім-заңнамалық базаны жетілдіру турасында әңгіме қозғалды. Әсіресе, Қырғыз Республикасының ЕАЭО кіруі жөнінде келісімді ратификациялауды жеделдетудің маңыздылығына көңіл бөлінді, деп хабарлады Мәжіліс.

Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың стратегиялық маңыздылығына назар аудара келіп, Қабиболла Жақыпов Елбасы бастамашы болған бес институционалдық реформа туралы және «100 нақты қадам – Ұлттық жоспар» тиралы баяндады. А.Жээнбеков, өз кезегінде Қазақстан Президентінің көрегендігі мен қазақстандықтардың береке-бірлігінің арқасында келген зор табыстарға тоқталып, біздің еліміздің алға қойған ауқымды мақсаттарға уақытынан бұрын жететініне сенім білдірді.

«Қазақстан – дамудың, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудың жарқын үлгісі»,-деді А.Жээнбеков. ЭКСПО-2017 көрмесіне де көңіл бөлген мәртебелі мейман ол біздің еліміздің әлеуетін паш етудің айрықша мүмкіндігі екенін айтып, оған Қырғыз елінің де белсене қатысатынын 

Барлық жаңалықтар