- Басты
- Жаңалықтар
- Ө.Тәшімов: ҚР ғалымдарында инновацияның кешенді қолдау шараларын пайдалану мүмкіндігі бар
Ө.Тәшімов: ҚР ғалымдарында инновацияның кешенді қолдау шараларын пайдалану мүмкіндігі бар
Агенттіктің негізгі бағыттарының бірі инновациялық гранттарды ұсыну. Атап айтар болсақ, стартап-компания құру, жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарды дамыту мен жаңғырту және жаңа компанияларды дамыту үшін алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу.
«Бүгінде инновациялық гранттар бағдарламасында 9 түрлі грант бар. Олар өзара үш құрылымдық бөлікке бөлінген. Идеяның өзін коммерцияландыру және оны өндіріске енгізу, екіншісі жұмыс істеп жатқан өндіріс ошағына шет мемлекеттен технологияны трансферттеу арқылы қолдау көрсету, сәйкесінше шетелдік мамандарды шақырып жергілікті жұмысшылардың қабілетін арттыру. Айта кетерлік жайт, бүгінде біздің барлық ғалымдарымыз бен кәсіпорындарымыз толыққанды инновацияның кешенді қолдау шараларын пайдалану мүмкіндігіне ие», - деді Ө. Тәшімов.
Оның айтуныша, ИИДМБ аясында агенттік дәстүрлі салалардағы техникалық артта қалулардың орнын толтырып, экономикада жаңа салалардың дамуына басымдылық беретін болады.
«Бүгінде екінші бесжылдық жүзеге асырылуда, онда қайта өңдеу саласын дамытуға басымдылық берілген. Агенттіктің басты екі міндеті бар, олар: Елбасының міндеттері мен тапсырмаларына сәйкес дәстүрлі металургия, геология, ауылшаруашылығы салаларында техналогиялық артта қалуларды қысқарту. Және бастысы экономиканың жаңа салалары құлтемір техникасы, медиа инжиниригті дамытудың негізін салу», - деп толықтырды ол.
Естеріңізге сала кетейік, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ инновациялық даму процестерін реттеу ісіне септесу және инноваторларға мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында құрылған мекеме.
Анар Тәңірқұлова
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма