- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Астанада әлемдік деңгейдегі ғылыми-оқыту орталығын құру арманым орындалды
Н.Назарбаев: Астанада әлемдік деңгейдегі ғылыми-оқыту орталығын құру арманым орындалды
«Құрметті, достар, сіздерге өмірге жолдама бере отырып, біз өзіміздің асқақ мақсатымызға біршама жақындай түсеміз. Бұл - біздің сіздермен бірлескен ортақ жеңісіміз. Қымбатты достар, бүгін біз барлығымыз бірлесіп, салатанатты сәттерді бастан кешірудеміз. Біріншіден, менің Астанада ғылым-білім орталығын құру арманым орындалды. Біз біз университеттің ендігі уақытта қалыптасқанын көріп отырмыз», - деді Елбасы.
Н.Назарбаевтың айтуынша, бүгінгі түлектерден кейін жыл сайын жаңа түлектер ұшады, ал олар тарихи тізімді бастап беріп отыр, бақытты сәт.
«Университет ізашарлары сіздердің соңдарыңыздан келесі түлектер жаңа өмірге аттанатын болады. Дегенмен, бірінші болу бақыты сіздерге бұйырды. Осы күн университет тарихында қалатындығын әрі алғашқы түлектермен университеттің дайындық деңгейі бағаланады. Сендердің білім алуларың бірінші дипломды алумен тоқтамайды. Сіздер өмір бойы білім алатын боласыңдар. Алынған білім жылдам ұмытылады. Сол үшін мамандық пен еңбек өмір бойғы серіктерің атануы тиіс. Тек қана өз ісінің маманы өз білімін нақты іске айналдыра алады. Мен университет түлектері кәсіби маман атанарына сенімдімін», - деді Елбасы.
Н.Назарбаев алғашқы бітірген түлектер тек өз ісінің мамандары ғана емес, сондай-ақ, қазақстандық қоғамның құндылықтарын нығайта түсуге, Отанға адал қызмет етіп, материалдықж және рухани дамуына үлес қосатынына сенім білдірді.
Айта кетейік, Назарбаев Университетін биыл 446 стиуден тәмамдады. Салтанатты шараға студенттер, профессорлық-оқытушылық құрам, ірі ұлттық компания жетекшілері, ата-аналар қатысты.
Назарбаев Университеті 2010 жылы Елбасының бастамасымен ашылды. Университет ашылғаннан бері студенттер саны 2800-ге жетті. Жыл сайын 500 адам грант иегері болады.
Индира Қауметова
-
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Әлемдегі COVID-19: Қазақстан жұқтырғандар саны бойынша әлемдік рейтингте 110-орында -
Олжас Байділдинов: Бензин бағасының өсуі – әлемдік тенденция -
Экстремизм мен терроризм: Әлемдік қауіппен күрес қызметі жайлы -
Ирандағы Абай орталығында Наурыз мерекесі атап өтілді -
Коронавирусқа қарсы вакцина әлемдік стандарттарға сай - сарапшы -
МИБ пен ЖС-ны құру үшін не істеу керек, қандай құжаттар қажет және ХҚО-да қалай тіркейді -
Шетелдегі диаспоралармен байланыс саясаты: әлемдік және отандық тәжірибе -
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қазақстанның қаржы нарығына әсері қандай -
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды -
Елордадағы "ерекше" балалар "Ailand" орталығына тегін саяхаттады
-
Жас аналарға арналған отандық «SuperMoms club» жобасы әлемдік нарыққа шықпақ -
Қазақстандықтар бүкіләлемдік «World cleanup Day» экологиялық акциясына қатысты