- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті: Назарбаев Университеті әлемдік деңгейдегі оқу орнына айналды
ҚР Президенті: Назарбаев Университеті әлемдік деңгейдегі оқу орнына айналды
«Мен сіздерді Назарбаев Университетінің тұңғыш түлектерінің бітіруімен құттықтаймын. Бұл біздің еліміздегі білім беру саласының ең жарқын күні. Біз университеттің алғашқы қырандарын ұшырғалы отырмыз. Біз бүгін 5 жыл бұрын қойылған мақсатқа жеттік. Біздің түлектердің білімі әлемдік деңгейге сай. Назарбаев Университеті әлемдік деңгейдегі оқу орнына айналды», - деді Елбасы.
Елбасы білім беру ошағының түлектері болашақта Қазақстанды түбегейлі жаңартуға, мен айтқан «100 нақты қадамды» орындауға, елімізді ары қарай дамытуға атсалысатынына сенім білдірді.
«Баршаңызды осынау тархии сәтпен және университеттің алғашқы мерейтойы – бес жылдығыменен шын жүректен құттықтаймын. Болашақта оқу орны сан мың түлекті түлетіп ұшырады. Себебі, Назарбаев Университеті «мәңгілік елдің» маңдай алды білім беру ошағы»,-деп атап өтті Н.Назарбаев.
Айта кетейік, Назарбаев Университетін биыл 446 стиуден тәмамдады. Салтанатты шараға студенттер, профессорлық-оқытушылық құрам, ірі ұлттық компания жетекшілері, ата-аналар қатысты.
Назарбаев Университеті 2010 жылы Елбасының бастамасымен ашылды. Университет ашылғаннан бері студенттер саны 2800-ге жетті. Жыл сайын 500 адам грант иегері болады.
Индира Кауметова
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды