- Басты
- Жаңалықтар
- Т.Жантикин: «Үлбі» металургиялық зауытын МАГАТЭ-ның 15 техникалық миссиясы зерттеді
Т.Жантикин: «Үлбі» металургиялық зауытын МАГАТЭ-ның 15 техникалық миссиясы зерттеді
«Негізгі мәселе аталмыш жобаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету болды. Қажетті тәжірибесі мен мүмкіндіктері бар «Үлбі» металургиялық зауыты таңдап алынды. Материалдар белгіленгеннен көп мөлшерде шығындалады деп жоспарланған 60 баллонды зауыттың қоймасына орналастыру техникалық жағынан ешқандай да сауал туындатқан жоқ. Қауіпсіздік жүйесі халықаралық талаптар үдесінен шықты, МАГАТЭ-ге тиесілі Халықаралық төмен байытылған уранды орналастыру шарасы қандай да бір өзгерістер мен жетілдірулерді қажет еткен жоқ. Сондықтан да, қауіпсіздік мәселесі айтарлықтай өзекті болды деуге келмейді, оның үстіне МАГАТЭ-ның 15 техникалық миссиясы жүргізілді. Бұлар әлемдік деңгейдегі сарапшылар, елге келіп, жағдайды бақылап, өздерінің ақыл-кеңестерін беріп, жағдайда қалайша жетілдіруге болатындығын, құжаттарда көрсетілген стандартарды қалайша жоғарылатуға болатындығын айтады»,-деді Т.Жантикин.
Оның сөзінше, Қазақстан МАГАТЭ-нің төмен байытылған уранын орналастырудан қазірдің өзінде белгілі бір деңгейде пайда тауып отыр. Атап айтқанда, ҚР атом энергиясын пайдалану бағытындағы нормативті базасы халықаралық деңгейдегі талаптарға сәйкестендірілді.
«Біз биылғы жылы Парламентке атом энергиясын пайдалану туралы жаңа құжатты ұсындық. Бұл заңның жобасы МАГАТЭ-ның әлемдік деңгейдегі заңгерлердің талдауларынан өтті. Нәтижесінде тиісті кеңестер беріліп, қазір атом энергиясын реттеуді қарастыратын заңымыз халықаралық талаптарға сай. Біз сонымен қатар, МАГАТЭ-нің сарапшыларына атом энергиясын қауіпсіз тұтынуға бағытталған мәселелердің жекелеген бағыттарына қатысты құжаттарды да қарауға бердік. Осылайша, нормативті база халықаралық деңгейдегі қазіргі заман талаптарына жақындап келеді. Бұл мемлекет үшін әрине жақсы»,-деді комитет төрағасының орынбасары.
Анар Тәңірқұлова
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
Мүмкіндігі шектеулі жандар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 150 мыңнан астам қызмет алды -
Президент тапсырмасы: Техникалық және кәсіби білім беру мен оқулықтарды цифрлы форматқа көшіру -
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 158 мыңға жуық адам қатысты -
Расул Жұмалы: Жер комиссиясы, латифундистер мен 10 сотық жер туралы -
Қазақстандық энергия өндірушілердің шекті тарифтері 15%-ға артпақ -
Қорғаныс министрлігінде Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті -
Жол жөндеу кезінде техникалық қадағалау рейтингі жасалмақ