- Басты
- Жаңалықтар
- 100 қадам: Қазақстанда сот залдарының 55 пайызы аудио-бейнетіркеу жүйесімен жабдықталған
100 қадам: Қазақстанда сот залдарының 55 пайызы аудио-бейнетіркеу жүйесімен жабдықталған
Республика бойынша жаңа АБТ жүйесімен залдардың жабдықталуы шамамен 55%-ды құрайды. Осы ретте Астана және Алматы қалаларының соттары 100% жабдықталған, деп хабарлады Жоғарғы сот.
Осы жылдың 5 айы ішінде жергілікті соттар 13 мыңнан астам сот процестерін жаңа АБТ жүйесін қолдана отырып өткізді.
Сонымен қатар үстіміздегі жылы республика жергілікті соттарының барлық сот отырысы залдарын жаңа АБТ жүйелерінде толығымен жабдықтауға жету жоспарланған.
Осы ретте орнатуға жоспарланған және қазіргі уақытта қолданылатын АБТ жүйелерінің деректерді сақтаудың орталықтандырылған жүйесі бар, сондай-ақ сот органдарының «Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесімен» және «Сот кабинеті» онлайн-сервисімен біріктірілген.
Осыдан басқа судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің жазбаны тоқтата тұруын немесе аудио-бейне тіркеу материалдарын редакциялауын болдырмау мақсатында АБТ бағдарламалық қамтамасыз етуін түзету бойынша жұмыстар жүргізілуде.
АБТ жүйесін интернет-ресурста орналастырылған істерді қарау тізімімен интеграциялау қазірдің өзінде сот отырысының нақты басталу уақытын қадағалап отыруға мүмкіндік береді.
Сот отырысының қатысушылары «Сот кабинетін пайдаланып, деректерді сақтаудың орталықтандырылған жүйесі арқылы шынайы уақыт режимінде сот отырысы жазбаларын көру мүмкіндігін қолдана алады.
Сонымен бірге, АБТ шеңберінде тергеу изоляторларымен және түзеу мекемелерімен сот отырыстарын қашықтықтан бейнебайланыс арқылы өткізу мүмкіндігін дамыту жоспарланып отыр.
Қылмыстық істерді қарау кезінде тергеу изоляторларында және бас бостандығынан айыру орындарындағы сотталушыларды этаптаусыз сот отырыстарын бейнеконференция байланысы арқылы қашықтықтан өткізу бюджет қаражатын үнемдеуге және басқа да қатерлерді болдырмауға мүмкіндік береді. Сот отырыстарын өткізудің осы түрін барлық жерде қолдану ІІМ құрылымдық бөлімшелерінің келісілген әрекеттеріне де байланысты.
Сот процестеріне аудиобейнетіркеу жүйесін енгізу – бұл баршаға мобильді, айқын, қолжетімді және заңның үстемдік етуіне негізделген, уақыт талабына сай сот төрелігін құру жолындағы тағы бір қадам.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті