- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Қырғызстан арасында ынтымақтастық туралы парламентаралық кеңес құрылды
Қазақстан мен Қырғызстан арасында ынтымақтастық туралы парламентаралық кеңес құрылды
«Қазақстан Парламенті мен Қырғызстан Жогорку Кенеші арасында парламентаралық кеңестің құрылуымен құттықтаймын.Біз бүгін тарихи оқиғаның куәгері болып отырмыз. Парламентаралық кеңес құру туралы келісімге қол қою салтанаты аяқталды, Кеңестің еншілес төрағасы Қырғызстан Жогорку Кенешінің төрағасы Асылбек Жээнбеков болды. Парламентаралық комиссияның құрылуы ынтымақтастықты дамытып қана қоймай, отырыстарға ҚР Парламент депутаттарының да басын қосады. Сондай-ақ, парламенттік тиімділіктің деңгейін көтеру, сауда-экономикалық салада, мәдени-гуманитарлық салада дамытуға мүмкіндік береді», - деді Қ.Жақыпов.
Оның айтуынша, 20102 жылы Бішкекте кеңе құру туралы келісілген мемлекет басшыларының шешімі қазақ-қырғыз ынтымақтастығының одан әрі дамуының көрінісі болып табылады.
«Қазақстан Қырғызстанмен жан-жақты байланысты дамытуға үлкен көңіл бөледі. Біздің елдер арасындағы саяси диалог ашық әрі сенімділікпен ерекшеленеді. Біздің елдер арасындағы сәтті ынтымақтастықты ел басшылары да атап өткен», - деді Қ. Жақыпов.
Осы уақытқа дейін екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынасты 2009 жылға дейін жұмыс істеген Мәжіліс пен Жогорку Кенеш арасындағы парламентаралы комиссия қолқалады. 5 жыл жұмыс істеген уақыт ішінде кедендік реттеу, мезгілді ауыл шаруашылық өнімдерін жеткізу, су ресурстарын пайдалану, туризмді дамыту салалары қарастырылды.
Сондай-ақ, парламентарилер заңнамалық қызмет туралы тәжірибе алмасты.
Ботагөз Айтжанова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы