• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Садықов: Қазақстанда Төмен байытылған уран банкін орналастыру экологияға қауіп төндірмейді

Б.Садықов: Қазақстанда Төмен байытылған уран банкін орналастыру экологияға қауіп төндірмейді

15 Маусым, 2015 12:16
Өскеменде МАГАТЭ-ның төмен байытылған уран банкін орналастыру сарапшылардың бағалауынша аймақтың экологиясына қауіп төндірмейді, деп хабарлады ҚР СІМ ерекше тапсырмалар бойынша елшісі Барлыбай Садықов.

«Банкті орналастыру еліміздің саяси және тәжірибелік мүддесіне жауап беретін болады. Бұл Қазақстанның жаппай таратпау режимін нығайу мен ядролық қауіпсіздікке қосқан  кезекті үлесі болмақ. Банк МАГАТЭ  талаптарына жауап беретін ең заманауи нысандардың бірі болады, осылайша ол еліміздің ядролық материалдарды жеткізуші ел ретіндегі біделіне оң әсер етеді. Осы ретте заңнамалық база арқылы ядролық материалдармен жұмыс істеу шарттары күшейтіледі», - деді Б.Садықов ОКҚ-да.

Оның айтуынша, Өскеменде МАГАТЭ-ның төмен байытылған уран банкін орналастыру сарапшылардың бағалауында аймақтың экологиясына қауіп төндірмейді

«Төмен байытылған уран радиактивті қалдық болып есептелмейді, қызықты емес және лаңкестер үшін де тартымды емес. Себебі оны сәйкесінше құрал мен нысансыз ядролық қару жасауға пайдалану мүмкін емес. Оның үстіне мұндай материл 50 жыл бойы Өскемендегі кәсіпорында сақталды және қосымша 60 цилиндр аймақтың қауіпсіздігі мен экологиясына қауіп төндірмейді», - деп атап өтті ол.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар