- Басты
- Қазақстанда МАГАТЭ төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімге 2015 жылдың тамызында қол қойылады
Қазақстанда МАГАТЭ төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімге 2015 жылдың тамызында қол қойылады

«2015 жылғы 11 маусым күні Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің (МАГАТЭ) Басқарушылар кеңесі «Кепілдендірілген жеткізілулерді қамтамасыз ету. Төмен байытылған уранды (ТБУ) мүше мемлекеттерге жеткізу үшін МАГАТЭ ТБУ банкін құру» күн тәртібінің мәселесін қарастырды.Қарастыру нәтижесінде Басқарушылар кеңесі бірауыздан ТБУ банкін құру туралы келісімнің жобасын мақұлдап, Агенттіктің бас директорына Қазақстанмен келісім жасасуға өкілеттілік берді», - деді Б.Садықов.
Оның айтуынша, төмен байытылған уран банкін құру ядролық отынды кепілдендірілген түрде жеткізу халықаралық жүйесін қалыптастыруға септігін қосады.
«Банктің құрылуының негізгі мақсаты МАГАТЭ мүше елдері арасында ядролық жанармайды кепілдендірілген жеткізумен қамтамасыз ету. МАГАТЭ аясында төмен байытылған уранның халықаралық қорын құру мүше мемлекеттерге олардың МАГАТЭ Жарлығы мен Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім ережелерін бұзбастан, жеке бейбіт ядролық-энергетикалық бағдарламаларын дамытуға деген егеменді құқықтарына қысым жасалмастан ядролық отынға кепілдендіріген қолжетімділікке мүмкіндік береді. Бұл орайда банктің құрылуы ядролық таратылым мен жаһандық ядролық қауіпсіздікті сақтауға мүмкіндік береді», - деді ол.
Айта кетерлігі, МАГАТЭ төмен байытылған уран банкін құру әрбір елдің өзіне тін жеке әлемдік ядролық технологияларын дамытуға шектеу қоймайды. Әрбір ел уранды байытуды МАГАТЭ аясында тәртіптер мен қызметтерді орындай алады.
Анар Тәңірқұлова
-
Ғылыми-зерттеудің әлемдегі және Қазақстандағы тенденциясы
-
Қазақстанда ғылымның дамуына әсер еткен жаңа технологиялар
-
Расул Жұмалы: Жер комиссиясы, латифундистер мен 10 сотық жер туралы
-
ШОБ: Алдағы үш айда мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары күшіне енеді
-
Қазақстанда аутизм диагнозы бар балалар көбейді
-
А. Цой: Қазақстанда COVID-19-дың жаңа үш штамы анықталды
-
Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидахуал өткен жылдың жаз айларындағы жағдайға ұқсас
-
AntikorLive: Азия Даму банкінің Серіктестерінің «қара тізімге» ену себебі айтылды
-
Қазақстандағы COVID-19: қазіргі эпидахуал, вакцинация, жыл соңына дейінгі болжам
-
Автокөлік ұрлығына қарсы күрес туралы заң жобасы қаралады
-
«Frankofonı Naýryzy 2021» мәдени маусымы 13 наурыздан бастап Қазақстанда өтеді
-
Қазақстандағы КВИ дaғдaрыcы: өзгерістерге толы бір жыл
-
Қазақстанда жанар-жағармай бағасының өсуіне әсер еткен факторлар қандай
-
Энергетика министрлігінің алқа жиыны: Мұнай саудасы, уран өндірісі, электр энергиясының өнімділігі
-
Мемлекеттік комиссия кәсіпкерлерді қолдау бойынша шұғыл шаралар топтамасын мақұлдады

