- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда шартты сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөнінде аймақтық семинар өтті
Алматыда шартты сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөнінде аймақтық семинар өтті
Мемлекет басшысы қабылдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (2013 жылғы 15 ақпандағы) іске асыру мақсатында және Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесіндегі қылмыстық заңнаманы ізгілендіру аясында пробация қызметі құрылды.
Айта кету керек, пробация қызметінің функциясына бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындау ғана емес, сонымен қатар, шартты түрде сотталған адамдарға білім, кәсіп алуда, оларды жұмысқа орналастыруда, емдеуде, сондай-ақ құқықтық көмекті қамтамасыз етуде әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету де жатады.
Пробация қызметтерінің сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге және «түрме халқын» азайтуға бағытталған жұмысының тиімді болуы бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларға сотталған адамдарды бақылауды жүзеге асыратын жазаларды орындау органдары мен оларды әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмекпен қамтамасыз етуге ресурстары бар жергілікті атқарушы органдардың өзара тығыз әрекеттесуі арқылы мүмкін екені аталып өтті.
Семинарда пробация қызметін одан әрі жетілдірудің негізгі бағыттары айқындалды. Жергілікті атқарушы органдармен және өзге де мемлекеттік органдармен іс-қимыл жасаудың бірлескен алгоритмі пысықталды.
Сондай-ақ, пробация қызметінің ағымдағы жылғы 9 ай ішіндегі жұмысының қорытындылары қарастырылды. Осылайша, пробация қызметінің мемлекеттік органдармен бірлескен жұмысы оң нәтижелер беріп жатыр. Жыл басынан бері 3356 шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді, олардың 1343-не психологиялық қолдау көрсетілді, 208-і білім алды, 509ы жұмысқа орналастырылды, 162 сотталғанның құжаттарын қалпына келтіруге және 1134 сотталғанға өзге де көмек көрсетілді.
Семинарда бірінші кезектегі бірлескен міндеттер айқындалды. Бұл бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларға сотталған адамдарды әлеуметтік оңалтуға және олар қайталап жасайтын қылмыстардың деңгейін төмендетуге бағытталған ұтымды көмек.
Семинар қорытындысы бойынша заңнаманы одан әрі жетілдіру және жергілікті атқарушы органдар мен пробация қызметінің тиімді өзара әрекеттесуі туралы ұсынымдар қабылданды; ҚАЖ комитеті әзірлеген шартты түрде сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөніндегі әдістемелік ұсынымдар жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен келісілді.
Осындай семинарлар 2014 жылы республиканың төрт өңірінде өткізіледі.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Дәрігер: «Пандемияда науқасқа психологиялық қолдау көрсету де оңай емес» -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті