- Басты
- Жаңалықтар
- «Жас ұлан» түлектері Ресей, Беларусь, Украина, Түркия мен Германия елдерінің әскери оқу орындарында білім алуда
«Жас ұлан» түлектері Ресей, Беларусь, Украина, Түркия мен Германия елдерінің әскери оқу орындарында білім алуда
С.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылдың наурызындағы сәйкесінше қаулысымен құрылды.
Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштері үшін болашақ әскери бастықтарды мектеп қабырғасынан дайындайтын арнайы оқу орнын құру идеясы еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың пікірі. 1999 жылы 4 қарашада Ел Президенті Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің ашылу рәсімі болды. Мектептің презентациясы кезінде елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Құрметті келушілер кітабында жазба қалдырды.
Ол ұландарға Тәуелсіз Қазақстанның адал қорғаушылары, еліміздің лайықты азаматтары болуға тілек білдірді. «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілерін Ұлы Отан соғысындағы аталарымыздың көрсеткен ерлігін қайталауға шақырды.
«Жас ұлан» республикалық мектебі еліміз бойынша жалғыз әскери мектеп, онда 7-ші мен 11 сынып аралығындағы оқушылар білім алады.
Мектеп орташа білім беру нысаны, онда мемлекеттік және шет тілдер, әскери пәндер оқытылады және күшейтілген физикалық дайындық жүргізіледі.
Бүгінгі таңда Республикалық мектептің түлектері Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасы, Украина, Түрік Републикасы мен Германиядағы әскери оқу орындарында білімін жетілдіруде.
Мектептің маңызды міндеттерінің бірі оқушылардың Отаны Қазақстан Республикасына деген махабатын жандандыру, азаматтық, патриоттық пен интернационализмге тәрбиелеу. «Жас ұлан» мектебі кез-келген ұлттың дәстүріне құрметпен қарайды, себебі мұнда 12 ұлт өкілдері білім алуда.
2011 жылдың 8 желтоқсанында ел Президенті Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен «Жас ұлан» республикалық мектебінің жаңа ғимаратын салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Ал, Астанада ағымдағы жылы С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі 14-ші бітірушілерді жіберді. Оқу орнының қабырғасынан 75 түлек түлеп ұшты. Бұл түлектер санының мектептің жұмыс істеген жылдары ішіндегі ең көбі.
Анар Тәңірқұлова
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері