• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысының кәсіпкерлеріне мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтылды

Ақмола облысының кәсіпкерлеріне мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтылды

15 Маусым, 2015 15:53
Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің тапсырмасы бойынша Степногорск қаласында шағын және орта бизнесті дамыту бойынша семинар өтіп, онда кәсіпкерлік нысандарын экономиканың түрлі бағыттары бойынша қолдау шаралары бойынша ақпараттандыру мәселесі қамтылды.

Еліміздің Білім және ғылыми министрлігі мен қаржылық қолдау, ауыл шаруашылығын саласындағы кәсіпорындарды қолдау, кәсіпкерлерлік ортаның өкілдері мен ауыл әкімдері қатысқан жиынды қала әкімі Әнуар Құмпекеев ашып, Мемлекет басшысының бүгінгі таңда кәсіпкерлік саласына ерекше қолдау көрсетіп отырғандығын және осы бағытта елімізде кәсіпкерлерді демеуге бағытталған көптеген бағдарламалар мен құжаттардың дайындалғандығын атап өтті.

«Өз ісіңмен айналысу, түрлі жобаларға бастамашы болу, тәуекелге бел буып, тұтынушылар үшін құндылықтарды қалыптастыру расында да үлкен еңбек. Семинарға қатысушылардың өздерінің істерін әрі қарай жетілдіріп, дамыту үшін қажетті, пайдалы ақпараттардан кең ауқымда хабардар болғаны маңызды»,-деді қала әкімі.   

Семинар өте қолжетімді форматта ұйымдастырылды. Степногорскілік кәсіпкерлер жаңадан басталып жатқан іске не керек деген мәселеге толыққанды ақпарат алды. Сондай-ақ олар зияткерлік меншікті қолдау, технологияларды лицензиялау сияқты күрделі мәселелер бойынша да өздерін толғандырға сауалдарға жауап алды. Ал бүгінгі шараға арнайы шақырылған Америкалық «CRDF Global» азаматтық зерттеу мен даму қорының маркетинг және өнеркәсіптік әріптестік жөніндегі сарапшы, Вячеслав Воронин бизнес барысында орын алуы мүмкін жағдайлар мен одан шығудың жолдары туралы айьып берді. Сондай-ақ бизнесті бастау, инвесторларды іздестіру мәселелері бойынша да тиімді ақпараттарымен және ақыл-кеңестерімен бөлісті.     

  

 

 

Барлық жаңалықтар