• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматы гарнизонының әскери қызметшілері салтанатты түрде Жеңіс Туын қабылдады (Фото)

Алматы гарнизонының әскери қызметшілері салтанатты түрде Жеңіс Туын қабылдады (Фото)

15 Маусым, 2015 15:21
Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағында Алматы гарнизонының әскери қызметшілеріне 1945 жылы Рақымжан Қошқарбаев пен оның жауынгерлік қаруласы Григорий Булатов тіккен Жеңіс туының көшірмесі салнатты түрде табыс етілді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

«Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестік Президиумының төрағасы генерал-майор Рүстем Қайдаров  әскери рәсімді сақтай отырып, Алматы өңірлік гарнизонының бастығы генерал-майор Дәулет Оспановқа Жеңіс туын табыстады.

 «Жеңіс туының көшірмесін қабылдау біз үшін үлкен абырой және құрмет. Біз бұл туды көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа табыс ететін боламыз», - деді өз сөзінде Дәулет Оспанов. Туды табыс ету рәсімі Алматы гарнизоны әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері, әскери оқу орындарының курсанттары, ҚР ҚК ардагерлері мен қала тұрғындарының қатысуымен өтті.

Салтанатты іс-шарадан кейін әскери қызметшілер мәңгі алауға гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлер рухына бір минут үнсіз тұрып тағзым етті. Жеңіс туының түпнұсқасы Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің Орталық мұражайында сақтаулы тұрғанын айта кетейік.

 

Барлық жаңалықтар