- Басты
- Жаңалықтар
- «Қазагроқаржы» аграршыларды баламалы энергия көздерін іздестіру қондырғысын орнатуда қаржыландырады
«Қазагроқаржы» аграршыларды баламалы энергия көздерін іздестіру қондырғысын орнатуда қаржыландырады
Атап айтқанда, компанияның қолдауымен Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданы Ащысай поселкесінде аудан үшін бірегей, жел генераторынан және күн батареяларынан тұратын 7 кВт гибридтік жүйенің энергия үнемдегіш кешені орнатылған, деп хабарлады «Қазагроқаржы» АҚ.
«Бұл қондырғы бізге 10 жыл мерзімге 8 млн. теңгеге түсті, - дейді «Гайни» ШҚ басшысы Айсиев Жасқайрат. «Біздің санауымызша, энергия қуатын дизельді отынның көмегімен өндіруден гөрі, бұл әлдеқайда арзанырақ, әрі тиімдірек. Біздің жоспарымызда шаруашылықтың аумағында 1000 бас құсқа жұмыртқа бағытындағы қосымша құс фабрикасын құру мәселесі тұр, негізгі ғимаратының іргесін көтердік, енді азы қалды! Біздің есебіміз бойынша, сағатына 10 квт құс фабрикасын толық жарақтандыруға жеткіліксіз болады», - деді ол.
Сонымен бірге, «Агробизнес 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде аталмыш жоба сыйақы ставкасын субсидиялау бағдарламасына түсті. Бүгінгі таңда 7% мемлекет тарапынан субсидиялауға жатады, яғни, шаруашылық жылдық 12,8 % емес, оның орнына 5,8 % төлейтін болады.
Айтып кеткен жөн, бұл энергия үнемдеу бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы қаржыландырылған бірінші жоба емес. Бүгінгі таңда осыған ұқсас гибридті энергия үнемдегіш жүйелер Ақтөбе және Қызылорда облыстарында да орнатылған.
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
Қазақстандық энергия өндірушілердің шекті тарифтері 15%-ға артпақ -
Энергетика министрлігінің алқа жиыны: Мұнай саудасы, уран өндірісі, электр энергиясының өнімділігі -
Тоқаевтың тапсырмасымен құрылатын екі агенттік немен айналысады, кім қаржыландырады -
Елімізде электр энергиясының шекті тарифтері 1 шілдеден бастап өзгереді -
Өткен жылыту маусымында 34 энергия кәсіпорны әкімшілік жауапкершілікке тартылды -
Қазақстан қайта өңдеуге жатпайтын қоқыстан энергия өндіретін болды -
Қалдықтарды энергияға айналдыру бойынша жобаны жүзеге асыру жоспарлануда -
Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері бойынша шарт ұзарды -
Қазақстанда электр энергиясын сату тетіктері жетілдірілді -
Қазақстанда энергия үнемдеу қалай жүзеге асырылады -
Еуропалық Одақ Орталық Азияны дамытуға арналған бағдарламаларды қаржыландырады -
Қ.Бозымбаев: Жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 2020 жылға қарай 3 %-ға артады -
Энергия көздері, орнықты қалаларды дамыту мәселелері қалай жүзеге асуда