- Басты
- Жаңалықтар
- 440 жас дзюдошы ҚР чемпионатына қатысуда (ФОТО)
440 жас дзюдошы ҚР чемпионатына қатысуда (ФОТО)
Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсіміне Степногорск қаласының әкімі Әнуар Құмпекеев қатысты. Жарысқа қатысушылар мен бапкерлерге және төрешілерге, сондай-ақ қонақтарға сәлемін жолдаған басшы Степногорскінің бай спорттық дәстүрлері бар екендігін атап өтті.
«Степногорскі тұрғындарына волейболшы Ольга Кривошееваның, Олимипиада ойындарының чемпионы, ауыр атлетші Ирина Некрасованың, Олимпиадының күміс жүлдегері, ҚР еңбегі сіңген бапкері, дзюдо спортына көптеген мықты спортшыларды тәрбиелеген Анатолий Кузнецовтың есімі жақсы таныс»,-деді ол жас дзюдошыларға жоғары олимпиадалық жетістіктер тілей тұрып.
Еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан келген 440 спортшы екі күн бойына әрқайсысы өз салмақ дәрежелері бойынша Степногорск қаласының боз кілемінде бақ сынасатын болады.
Жарыстың бас төрешісі, халықаралық дәрежедегі төреші Бауыржан Шадраймовтың айтуынша, аталған жарыс 2000-2001 жылы туылған жасөспірімдерден құрылған Қазақстан құрамасының қазіргі жағдайын сынау болып табылады. Бүгін жастарды еліміздің құрамасының жоғары деңгейдегі бапкерлері байқап, олардың шеберліктерін одан әрі жетілдіру жақтарын ойластыратын болады.
Сондай-ақ Бауыржан Шадраимов жас дзюдошылардың өте жақсы техникалық дайындықтарын көрсетіп жатқандықтарын, ал бұл облыс бапкерлерінің жұмысы талапқа сай жүріп жатқандығын көрсетететін көрсеткіш екендігін атап өтті. Бұған қоса ол жарыстың өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығын атап өтті.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Ж.Бекшин: Коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту